Әскерхан Ақтай. Сен кеттің елге сия алмай, біз баттық терең қиялға-ай...
Cуретте: Өзі салған анасының сурет-бейнесінің ішінде жатқан кішкентай жетім қыз. Суретт Ирандық көркемөнерші Bahareh Bisheh Ирандағы жетімдер үйінің бірінің ауласынан түсірген.
«Шетелдегі қазақ балалары» хабарынан кейінгі ой
Хал қалай, қалқам, хал қалай,
Қамықтың ба, қарғам-ай?.
Қара ағаштың басына,
Паналаған қарғадай.
Кінәсіз көңілің жаз ба екен,
Сағынышың аз ба екен?.
Жат бауырда өсуді,
Несіне саған жазды екен?.
Жат жерде өскен желкенім,
Не болар екен ертеңің...
Керуен жолы секілді,
Кесілер түбі, келте күн.
Жақсы мен жаман кейде тең,
Не деген бітпес бейнет ең.
Бауырына басқан ата-анаң,
Шынымен «қарғам» дейме екен?.
Асыл болса да таста ауыр,
Қойды ма тағдыр тосқауыл?.
Кең қолтық қазақ кешегі,
Болғандай бүгін тасбауыр.
Мұңыңды сенің білсеші,
Зарыңа құлақ түрсеші.
Тастаған сені тасбауыр,
Астына жердің кірсеші!
...Тұяғы ең түркі тектінің,
Көк аспан сенің көк туың!
Әлі де қандай күн туса,
Мұхитты асып жет күнім.
Cуретте: Өзі салған анасының сурет-бейнесінің ішінде жатқан кішкентай жетім қыз. Суретт Ирандық көркемөнерші Bahareh Bisheh Ирандағы жетімдер үйінің бірінің ауласынан түсірген.
«Шетелдегі қазақ балалары» хабарынан кейінгі ой
Хал қалай, қалқам, хал қалай,
Қамықтың ба, қарғам-ай?.
Қара ағаштың басына,
Паналаған қарғадай.
Кінәсіз көңілің жаз ба екен,
Сағынышың аз ба екен?.
Жат бауырда өсуді,
Несіне саған жазды екен?.
Жат жерде өскен желкенім,
Не болар екен ертеңің...
Керуен жолы секілді,
Кесілер түбі, келте күн.
Жақсы мен жаман кейде тең,
Не деген бітпес бейнет ең.
Бауырына басқан ата-анаң,
Шынымен «қарғам» дейме екен?.
Асыл болса да таста ауыр,
Қойды ма тағдыр тосқауыл?.
Кең қолтық қазақ кешегі,
Болғандай бүгін тасбауыр.
Мұңыңды сенің білсеші,
Зарыңа құлақ түрсеші.
Тастаған сені тасбауыр,
Астына жердің кірсеші!
...Тұяғы ең түркі тектінің,
Көк аспан сенің көк туың!
Әлі де қандай күн туса,
Мұхитты асып жет күнім.
Толғанда айдың жүзін көр,
Астында Айдың біздің ел.
Жамырап жанған жұлдыз көр,
Жұлдыздың асты біздің жер.
Сен кеттің елге сия алмай,
Біз баттық терең қиялға-ай.
Шеттегі шерлі қазақты,
Отанға жүрмін жия алмай.
Жүзінен көктің тамып нұр,
Санамды енді сауықтыр.
Жатқа ашылған есігің,
Жақының келсе жабық тұр.
Жылыстап аққан жалған-ай,
Тау басында таңғы арай.
Тоғыспаған жолдардай,
Табыспаған жандар-ай...
Бораны ұлып боз дала,
Қозғама шерді, қозғама...
Жетіліп ертең келмей ме,
Желкілдеп өскен бозбала.
Abai.kz