Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2984 0 пікір 5 Наурыз, 2014 сағат 06:30

Кешегі, бүгінгі һәм келешектегі қазақтың Әлиханы

5 наурыз – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туған күні.

Бар қазақтың – кешегі, бүгінгі һәм келешектегі қазақтың Әлиханы уақытпен бірге жасай беретін Алаштың алып тұлғасы. Әлекеңнің тұлғасы Абайдан кейінгі қазақтың аспанына айналды.

Әлихан Нұрмұхамедұлы уақытты аса жоғары бағалап, оның әрбір минутын туған халқына қызмет етуге арнаған. Әлекеңнің саналуан қырының бірі – аудармашылығы.

Алашорда автономиясы таратылып, Алаш қайраткерлері Әлиханның бас болуымен қазіргі Қазақстанның территориялық тұтастығын ресми құжатпен Лениннің қолын қойдырып бекіткеннен кейін, Әлекең Алаш зиялыларына ғылым, мәдениет, әдебиетке ден қоялық деп бағдар берген. Соның нәтижесінде зиялылар оқулықтар жазды. Зерттеу ісімен айналысты.

Әлихан Бөкейханның орыс жазушысы Чеховтың «ХАМЕЛЕОН» атты әңгімесін аударған. Бұл әңгіме «Айқап» журналында жарияланған. Әлекеңнің туған күніне орай, сол әңгімені жариялап отырмыз.

Abai.kz

 

А. Чехов. ХАМЕЛЕОН

Күн ыстық. Қала базары. Дүкен ашық, алушы жоқ. Саудагерлерді ұйқы басқан. Базарда қайыршылар да жоқ. Базармен полицейский надзиратель Очумелов келе жатыр. Барымталап алған бір шелек қарақатты көтеріп, қасында городовой келеді.

5 наурыз – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туған күні.

Бар қазақтың – кешегі, бүгінгі һәм келешектегі қазақтың Әлиханы уақытпен бірге жасай беретін Алаштың алып тұлғасы. Әлекеңнің тұлғасы Абайдан кейінгі қазақтың аспанына айналды.

Әлихан Нұрмұхамедұлы уақытты аса жоғары бағалап, оның әрбір минутын туған халқына қызмет етуге арнаған. Әлекеңнің саналуан қырының бірі – аудармашылығы.

Алашорда автономиясы таратылып, Алаш қайраткерлері Әлиханның бас болуымен қазіргі Қазақстанның территориялық тұтастығын ресми құжатпен Лениннің қолын қойдырып бекіткеннен кейін, Әлекең Алаш зиялыларына ғылым, мәдениет, әдебиетке ден қоялық деп бағдар берген. Соның нәтижесінде зиялылар оқулықтар жазды. Зерттеу ісімен айналысты.

Әлихан Бөкейханның орыс жазушысы Чеховтың «ХАМЕЛЕОН» атты әңгімесін аударған. Бұл әңгіме «Айқап» журналында жарияланған. Әлекеңнің туған күніне орай, сол әңгімені жариялап отырмыз.

Abai.kz

 

А. Чехов. ХАМЕЛЕОН

Күн ыстық. Қала базары. Дүкен ашық, алушы жоқ. Саудагерлерді ұйқы басқан. Базарда қайыршылар да жоқ. Базармен полицейский надзиратель Очумелов келе жатыр. Барымталап алған бір шелек қарақатты көтеріп, қасында городовой келеді.

Ұстаңдар! Жіберме! Сен жексұрын қабатын немесің ғой! – деген  Очумелов дауысты естіді.

Қыңсылаған ит дауысы шықты. Соның арасында үйген отыннан шығып, артына қарай-қарай ақсай басып қашып келе жатқан итті көрді. Итті қуып жетіп, бір кісі жығыла-мығыла аяғынан алып ұстады. Көз ашып жұмғанша ұйқыдан оянған саудагер, отыннан жиылған кісілер топтанып жиналып қалды.

- Бұ немене, тақсыр! Жанжал болып қалды ма екен? – деді городовой. Очумелов сол жағына бұрыла басып топқа қарай тартты.

Отын үйген қақпаның алдында жиылған топқа қолын көтеріп тұрған адам көрінді. Шала мас. «Қолға түстің, тонамай жібермеймін» деген түрі бетінен  көрініп тұр. Бұл кісі Очумеловке белгілі алтын зергері Хрукин деген екен. Топ ортасында қалтырап, дірілдеп бір сарыала күшік жатыр.

Очумелов топты жарып кіріп келіп, «бұ не, кім айқайлады» деді.

- Тақсыр, мен келе  жатыр едім , мына күшік қолымды қауып алғаны. Мен кісіге тию дегенді білмеймін. Бір жеті істен қаламын. Зиянымды төлесін. Күшіктен жәбір көріп, зиян тартсын деген закон жоқ. Күшік қаба берсе, бүйтіп көрген күнің құрсын! – дейді Хрукин.

- Жарайды, кімнің иті екен бұл өзі? Итті бос ұстау қалай екенін көрсетермін. Хүкімет жарлығын орнына келтірмегенді әкесін танытармын. Барса келмеске жіберермін. Штраф салам. Елдрин, кімнің иті екенін біл, иесін тап, протокол жаз. Бұл бәлкім құтырған ит шығар. Итті қазір өлтір. Бұл кім иті өзі, айтыңдаршы! – дейді Очумелов.

Біреу тұрып «бұл мен білсем, Жанарал Жигалов иті болса керек» дейді.

- Жанарал Жигаловтікі дей ме? Ух, Елдрин, жеңімді тартшы,терлеп кеттім ғой. Күн қандай ыстық, жаңбыр жауар ма екен, қайтер екен. Мен әлі түстенгенім жоқ. Бұл күшік сені қалай қапты? Күшік биттей, сен сырықтайсың. Күшік аузы сенің қолыңа қалай жетті? Өз қолыңды өзің қанатып, нәресте күшікке жаласын жауып ақша алдырмақшымысың? Мен білем сендей зұлымның ойын,- деп Хрукинге ұрса бастайды Очумелов. Топтан біреу тұрып: «Хрукин жаман кісі. Күшікті попироспен тұмсыққа түртіп ырылдатты. Күшік ыза болып, қолын қауып қалды», - дейді.

- Өтірік айтып былжырама, соқыр! Айтқаны қыли өтірік. Тіпті көрген жоқ. Тақсыр өзі біледі, кім өтірік айтпайтынын. Кім құдай алдында да өтірік айтпайтынын. Мен өтірік айтсам, судья табар.

Судья қолында бар, бұ күнде кісі бәрі құрдас. Білгілерің келсе, менің өз ағам да жандарым қызметінде.

- Үндеме, - деп Очумелов ақыра бергенде:

- Жоқ, бұл Жанарал күшігі емес. Жанаралда мұндай күшік жоқ. Жанаралдың  итінің бәрі тазы,- дейді городовой Елдрин.

- Рас білесің бе?

- Рас, тақсыр.

- Мен өзімде білемін, Жанарал итінің бәрі тазы. Мынау бір жаман күшік қой. Не жүн, не кескін жоқ. Осындай итті Жанарал ұстаушы ма еді? Сендердің ақылдарың қайда? Осы күшік Петроград я Мәскеуде көзге түссе, не болатынын білесіңдер ме? Сен Хрукин бұл істі зерттемей жай тастама? Итті бос қоя беретін мырзаларды үйрету керек,- дейді Очумелов.

Солай деген кезде городовой Елдрин тұрып: «кім біледі, Жанарал күшігі болса, болып та қалар. Ит бетінде жазу бар ма? Жанарал қорасында осы күшікті көрген сияқты едім» - деді.

- Әрине солай. Бұл күшік рас Жанаралдікі, - дейді топ ішіндегі біреу.

- Ищөй, жел соғып кетті ғой. Тоңайын дедім. Шинелімді әкелші киейін. Сен, Елдрин, күшікті Жанаралға апар сұра. Мен тауып алып жіберді дегейсің. Енді орымға шығара көрмегін. Бұл күшік қымбат ит шығар. Кез-келген шошқаға тұмсыққа папироспен түртсе, нәресте шырағыма жәбір болар. Сен хайуан, қолыңды көтерме. Өзің айыптысың.

- Е, Жанарал аспапшысы келеді екен. Сонан сұрайық. Ей, Прохор, бері келші. Мына күшік сендердікі ме?

- Тапқан екенсіңдер. Бізде бұл сияқты ит туғалы болып көрген емес,- дейді Прохор.

- Мұны сұраудың қажеті де жоқ. Бұл қаңғыбас бұралқы ит. Көп сөйлеп бас қатыру не керек. Қаңғыбас десем, қаңғыбас болатын. Өлтіру керек, - дейді Очумелов.

- Бұл біздің ит емес, біздің Жанаралдың ағасының иті, - дейді Прохор.

- А, Жанарал ағасы Владимир Иванич келіп пе еді? Мен білгенім жоқ еді. Қонаққа келді ме? Апырмау, мен білгенім жоқ,-дейді Очумелов төре.

- Қонаққа.

- Япырмай туысқанын сағынған ғой. Мен білген жоқ едім. Мынау нәресте Жанарал ағасынікі ме? Тіпті жақсы болды. Қуанып қалдым ғой! Сен күшікті ал, қандай әп-әдемі күшік. Ап-ап деп мынаның қолын тістеп алыпты, ха-ха-ха! Күшігім-күшігім, шырағым, неге қалтырайсың? Ешкім тимейді, қорықпа, ырылдама, қарағым! Қандай сүйкімді!- деді Очумелов төре.

Прохор күшікті ертіп жөнелді. Хрукин топқа күлкі болып қала берді.

- Мен саған көрсетемін, - деп Хрукинге жекіріп, қаһарын тігіп Очумелов төре жөніне кетті.

Тәржімә еткен Қыр баласы

Хамелеон – азған кесірткі. Қорыққанда ісіп-кеуіп қысқарады, ұзарады, көгеріп, қызарып құбылады. Айнымалы тұрлаусыз құбылғыш адамды орыс Хамелеон дейді.

Қыр баласы - Әлихан Бөкейхановтың отызға жуық бүркеншік аттарының бірі.

Әңгіме "Айқап" журналында басылып шыққан.

«Екпін» журналы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340