Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Әріптестің әңгімесі 2279 3 пікір 4 Қазан, 2024 сағат 12:37

Өзбекте Әлішер Қадыров бар. Қазақта кім бар?

Коллаж: Mezgil.kz

Қазір Орталық Азия мемлекеттері КСРО кезіндегі Шығыс Еуропа елдері сияқты ішкі саясатын өз бетімен, ал, сыртқы саясатын орыстың қабағына қарап жүргізеді деген пікір әлемдік геосаясатта берік орнықты. Бұл туралы Mezgil.kz ақпараттық порталы жазды

Бірақ осы биліктерінің  сыртқы саясатты орыстың қабағына қарап жүргізушігіне көнбейтін тұлғалар тәжік, қырғыз, өзбек пен қазақтар арасынан шыға бастады.

Өйткені, тәжік, қырғыз, өзбек пен қазақтардың БАҚ-та ашық айтылатын, айқын жазылатын дүниелер Парламентке келгенде үні тұншығып жататыны жасырын емес. Бірақ өзге елдердегі басын құмға тыққан түйеқұс тірлікке көнбейтін тұлағалар жоқ емес. Тіпті олардың өз ана тілдерінде орыстың жаңа отаршылдық саясатына қарсы шыққандары Ресейдің мемлекет тіліне аударылып, Орталық Азия мемлекеттерінің Ресейге қарсы, орыс әлеміне қарыс жүргізіліп отырған саясаты деп бағаланып, ТМД көлеміндегі орыстілді жұртшылыққа өңі айналдырылып түсіндіріліп жатыр.

1995 жылдан кейін Орталық Азия мемлекеттері Парламенттерінде «Посткеңестік демократия» тұншығып, Қырғызстаннан басқа елдерде бір партиялық үстемдік орнады. Бұны Батыс саясаттанушылары орыс барлауының «Ресейдің мәңгілік мүддесіндегі» басты жетістігі деп танып, өзін КСРО мұрагерімін деп жариялаған Путиндік режім өмірге әкелген «Шығыс Еуропа елдерінің Орталық Азиялық штампы» деген ғылыми атау беріліп, қолданысқа енді.

Ұлттық БАҚ «Путин режіміндегі орыс әлемінің» былығы мен шылығына қатысты ашық айтылатын, айқын жазылатын дүниелер Парламентке келгенде үні тұншығып жататын дәстүрді бұзушылықтың бастау көзінде тұрғандар Орталық Азия мемлекеттерінің осы жолғы сайланған депутаттары арасынан бірте-бірте шыға бастады. Қазақта бұлар Қазыбек Иса, Ермұрат Бапи, Берік Дүйсембинов т.б. тарапынан көрініс тапса, осы уақытқа дейін орыстың идеологиялық бақшасына тас лақтырмаған өзбек парламентінде Әлішер Қадыров тарпынан көрініс тапты.

Орысқа Ресейде құмырсқадай өріп жүрген мигранттары арқылы тәуелді болып отырған ала тақиялылар мемлекеттік саясат тұрғысынан іштен тынып келеді. Осы іштен тынушылықты Ресей «Өзбектің Жириновскийі –  Әлішер Қадыров» деп атап кеткен депутат бұзды. Классик жазушымыз Бейімбет «Даудың басы - Дайрабайдың сиыры» дегендей, Орталық Азиядағы ұлт тілінде сөйлеп, ана тілінде ойлайтындарға қарсы тисері жоқ болып отырған империялық амбициядағыларға Ташкент қаласындағы 188-ші мектептегі мұғалімінің баланы шапалақпен бір тартқаны «жерден жеті қоян тапқандай», саяси реңктегі дау-дамайға ұласты. «Орыс тілділерге қысым жасалуда» деп, қосақ арасында Қазақстанда ілініп кетті.

Өзбекстан Республикасының Заң шығару палатасының депутаты Әлішер Қадыров орыстың бұл ойбайына: «Ресей біздің ішкі істерімізге шатаспай тұрып, өз істерімен айналысса дұрыс болар еді», - деп қату жауап қатты. «Өзбекстан азаматының баласына қатысты Өзбекстан Республикасының мектебінде баланың құқығы бұзылған және Өзбекстан халқының атынан қабылданған заңдар негізінде қаралатын болады!», - деді Қадыров өзінің мәлімдемесінде.

Қазақ Ресейдегі отаршылық рухымен уланған итаршылардың бұндай тірлігін «шарадағы айраннан дауыл туғызу» деп атайды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053