Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2932 0 пікір 6 Қазан, 2024 сағат 12:16

Депутат: Дауыс беру – жауапкершілік пен қатысу мәдениеті!

Сурет А.Аймағамбетовтың желідегі парақшасынан алынды.

Отбасымызбен референдумға қатыстық. Мен үшін бес жасар ұлыма дауыс берудің қалай өтетінін көрсету маңызды еді.

Оның біздің әрбір қадамымызға деген балалық қызығушылығы мен ынтасы ойландырды: болашақ – біз бүгін не үшін дауыс беріп жатқанымызға ғана байланысты емес, балаларымызды осы процеске қалай баулитынымызда, қандай құндылықтар беретінімізде. Дауыс беру – жай ғана әрекет емес, бұл жауапкершілік пен қатысу мәдениеті.

Біз қатысу мәдениетін, саяси мәдениетті дамыту туралы жиі айтамыз, ал саяси мәдениет осындай дауыс беру рәсіміне қатысу арқылы қалыптасады.

Дауысқа шығарылған сұрақпен келісу-келіспеуімізге қарамастан, біздің қатысуымыз, дауыс беру учаскесіне барып, дауыс беруіміз – бұл тек біздің құқығымыз ғана емес, ол біздің күшіміз екенін түсінгеніміз абзал.

Асхат Аймағамбетов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 820
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2171
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 553
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 529