Сенбі, 23 Қараша 2024
Денсаулық 581 0 пікір 7 Қазан, 2024 сағат 15:16

Жаңа індет: Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады

Фото: ВВС
Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа қауіпті инфекция-Марбург вирусының өршуі туралы ескертуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтуде.

Індеттің қаупі туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Марбург вирустық ауруы — адамдарға да, басқа приматтарға да әсер ететін сирек кездесетін, ауыр вирустық геморрагиялық қызба. Вирус табиғатта жарқанаттарда кездеседі және жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін.

Марбург қызбасының табиғи ошақтары — Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка елдері: Оңтүстік Африка (Оңтүстік Африка Республикасы), Габон, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Либерия, Гвинея, Зимбабве, Кения.

Аурудың клиникалық көріністері вирусты жұқтырғаннан кейін 2-21 күннен кейін пайда болады.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактика шараларын сақтауды ұсынады

Халықтың жоғары көші-қонын ескере отырып, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға эндемиялық елдерге барған кезде мынадай профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады:

1) жұқтырған адамдармен байланыста болудан аулақ болу;

2) Африка жунглиінде кездесетін жабайы жануарлардан сақ болу;

3) жергілікті жануарлардың нашар қуырылған етін жемеу;

4) мысырлық жарқанаттардың көп саны — вирустың асимптоматикалық тасымалдаушылары бар үңгірлер мен шахталарға бармау;

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415