Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3045 0 пікір 19 Наурыз, 2014 сағат 04:52

Антиеуразиялық форум: Тәуелсіздікті тұғырынан тайдырмайық!

12 сәуірде Алматыда Антиеуразиялық форум өтеді.

       Таяуда 12-сәуір күні Алматыда Антиеуразиялық форум өтетіні туралы хабарлаған едік. Бұл мәлімдеме қалың жұртшылықтың арасында қызу талқыға түсті. Сарапшылар да, қарапайым халық та Еуразиялық одақтың астарында қатардағы проблема емес, ұлттың келешегі, мемлекеттілігіміздің сақталуы, еліміздің тәуелсіздігі мәселесі жатқанын айқын түсінді.

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаев Антиеуразиялық форумға қатысты былай деді: «Егер қандай да проблемалар болса, бұл туралы айтылуы керек. Егер Қазақстан өзі мәлімдегендей демократиялық мемлекет болса, онда әрбір азаматтың биліктің бастамасына қатысты пікір білдіруге қақы бар. Ал егер мәселе Еуразиялық экономикалық одақ туралы болса, онда бұл тіпті қаттырақ айтылуы тиіс...Сондықтан, бұл форумға қатысамын, Еуразиялық одақтың қарсыластары мен жақтастарының тартысын тыңдау әрі білу керек деп санаймын. Өзекті мәселелер көтеріледі деп сенемін».

12 сәуірде Алматыда Антиеуразиялық форум өтеді.

       Таяуда 12-сәуір күні Алматыда Антиеуразиялық форум өтетіні туралы хабарлаған едік. Бұл мәлімдеме қалың жұртшылықтың арасында қызу талқыға түсті. Сарапшылар да, қарапайым халық та Еуразиялық одақтың астарында қатардағы проблема емес, ұлттың келешегі, мемлекеттілігіміздің сақталуы, еліміздің тәуелсіздігі мәселесі жатқанын айқын түсінді.

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаев Антиеуразиялық форумға қатысты былай деді: «Егер қандай да проблемалар болса, бұл туралы айтылуы керек. Егер Қазақстан өзі мәлімдегендей демократиялық мемлекет болса, онда әрбір азаматтың биліктің бастамасына қатысты пікір білдіруге қақы бар. Ал егер мәселе Еуразиялық экономикалық одақ туралы болса, онда бұл тіпті қаттырақ айтылуы тиіс...Сондықтан, бұл форумға қатысамын, Еуразиялық одақтың қарсыластары мен жақтастарының тартысын тыңдау әрі білу керек деп санаймын. Өзекті мәселелер көтеріледі деп сенемін».

         Антиеуразиялық форум өткізу бастамасын танымал құқыққорғаушы Евгений Жовтис те қолдады. Ол былай деді: «Бұл бастаманы адекватты, ақылды әрі саналы ұлтшылдар көтеріп отыр. Олар Қазақстанның болашағына, тәуелсіздігіне алаңдайды. Украинадағы жағдайды мысалға алсақ, олардың мұндай қатер туралы айтуының жөні бар. Ресейдің барлық халықаралық заңнаманы, өзінің келісімдерін бұза отырып, Украина жеріне баса-көктеп кіруі Қазақстанның да тәуелсіздігіне қатер төндіретінін ескерсек, ұлтшылдардың үлкен алаңдаушылық білдіруіне негіз бар деп санаймын».

        Жоғарыда келтірілген пікірлер – Антиеуразиялық форумның өткізілуіне қатысты айтылған ойлардың бірсыпырасы ғана. Егер әлеуметтік желідегі және Антиеуразиялық форумға ақпараттық қолдау көрсетіп отырған «Жас Алаш», «Ашық Алаң» (Трибуна), «Дат», «Адамбол» тәрізді тәуелсіз газет-журналдардың редакцияларына келген хаттарды, шалынған қоңырауларды қоссақ, қоғам қайраткерлерінің бастамасына мыңдаған адам қолдау білдірді деуге болады.

        Антиеуразиялық форумның мән-мазмұнына, мағынасына тағы бір тоқталсақ артық болмас. Біз тағы да қайталап айтқымыз келеді, бұл форум белгілі бір лидерлердің, ұйымдар мен топтардың, партиялар мен саяси күштердің құралына айналатын жиын болмақ емес. Форум тәуелсіз азаматтардың, еркін ойлы, батыл әрі қайраткер тұлғалардың басын біріктіретін үлкен тұғырға айналса деген үмітіміз бар. Бұған дейін де талай жиындар, форумдар, құрылтайлар мен басқосулар өтті, әрине. Біреуі – мағыналы, кейбірі – мән-мазмұнсыз, құр дабыра болып өткені де жасырын емес. Антиеуразиялық форумның олардан басты айырмашылығы бар: бұл жиын өткізілу үшін өткізілмейді, Қазақ Республикасының тәуелсіздігін қалай сақтаймыз, елімізді, жерімізді қалай қорғаймыз деген сұраққа нақты жауаптар айтылады, ары қарайғы күрестің тактикасы мен стратегиясы айқындалады. Бұл жиынның өзге жиындардан тағы бір басты айырмашылығы: оның дер кезінде, Қазақстанның әлі де таңдау жасауға уақыты бар тұста және өз көзімізбен Ресейдің агрессиялық, жаулаушылық әрі империялық арам пиғылын көріп отырған тұста өткізілуінде болып отыр! «Темірді қызған кезінде соғу керегі» сияқты Ақорда әлі де еуразиялық одаққа кіру жөнінде келісімге қол қоймаған тұста біз де қимылдауымыз керек, ағайын!

Кедендік одаққа кірместен бұрын көптеген қоғам қайраткерлері Қазақстан билігінің Ресеймен экономикалық интеграцияға баруы қате екенін айтты. Бірақ, қалың көпшілік бұл бастамаға жете назар аударған жоқ. Сол кездің өзінде «баға қымбаттайды, шетелдік көліктер елге кіргізілмейді, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрт құлдырайды» деген болжамдар айтылған еді. Соның бәрін бүгін бастан кешіп отырмыз. Ал енді қазір экономикалық басымдықты Ресейге беріп, өзінің халқының әлеуметтік жағдайын ойламаған билік ертең тәуелсіздігімізді беріп қойса қайтеміз?! Сондықтан, біз Еуразиялық одаққа кіру не кірмеу жөніндегі мәселені шешу тетіктерін Ақордадағы ат төбеліндей топтың қолына ұстатып қоймай, бұған қоғам, ел болып, тікелей араласайық! Мемлекеттің келешегін бір топ адам емес, бүкіл қазақ халқы бірлесіп шешуі керек!

«Өлетін бала молаға қарай жүгіреді» дейтін сөз бар қазақта, қазіргі саяси жағдайға ауыстырсақ, «Өлетін, құритын мемлекет қана Еуразиялық одаққа қосылады!» деп айтуға болады. Ал біздің мемлекет құрымасын, тәуелсіздігінен айрылмасын, ертеңгі күні Еуразиялық одақтан шыға алмай, ұлттық мүддемізді қорғай алмай жүрсек, бұл ең үлкен тарихи қателік болар еді. Сондықтан, 12-сәуір күні Алматыда Антиеуразиялық форумда бас қосайық!

        Антиеуразиялық форумның өтуіне билік қазірден бастап тосқауылдар қойып жатыр. Екі бірдей қонақ үй иелері алдын ала келісімдерін бұзып, форум өткізуге зал беруден бас тартты. Бірақ, тәуелсіздікті қорғауға арналған форум қалай да өтеді! Оның қай жерде өтетіні туралы қосымша хабарланады. Келіңіздер, қолдаңыздар, қадірлі қауым!

       Аймақтардағы белсенді азаматтардың есіне: Әр облыстан қанша адам қатысамын десе де шек қойылмайды. Отаншыл, патриот азаматтардың өз қаржысымен Алматыға айтулы жиынға келіп, талаптары мен ұсыныстарын ашық айтарына сенеміз.

Ұйымдастырушылар атынан – Жанболат Мамай, Рысбек Сәрсенбайұлы,  Айдос Сарым,  Расул Жұмалы, Инга Иманбай, Ғалым Агелеуов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377