Сенбі, 2 Қараша 2024
Бәсе... 1162 0 пікір 11 Қазан, 2024 сағат 11:41

Әуе билеттері неге қымбат?. Министрлік жауап берді

Фото: visas.kz

Көлік министрлігі әуе компанияларының билеттері не себепті қымбат болатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ .

Көлік министрі Марат Қарабаевтың сөзіне қарағанда, халықаралық тәжірибеге сәйкес баға белгілеу заңмен реттелмейді. Баға белгілеудің нарықтық тетігі (сұраныс, ұсыныс) қолданылады.

Әуе компаниялар шығыстарының шамамен 80%-ы, дәлірек айтқанда, сатып алу немесе лизинг, қосалқы бөлшектерді сатып алу және т.б. шетел валютасында жүргізілетінін атап өту қажет. Ал әуе компания табысының 80%-ға жуығы теңгемен алынады. Осыған байланысты өз шығындарын жабу үшін әуе компаниялары валюта бағамының қысымына байланысты билеттердің құнын түзетуге мәжбүр. Соңғы 5 жылда валюта бағамы 327 теңге/АҚШ доллардан (2018 жыл) 478 теңгеге/АҚШ долларына дейін өзгерді (2024 жылғы тамыз), - делінген министрдің ресми жауабында.

Осыған қарамастан, қазақстандық әуе компанияларының билеттерінің құны долларлық баламада өзгерген жоқ, сондай-ақ ішкі маршруттар бойынша әуе билеттерінің бағасы қазіргі уақытта 2021 жылғы қараша деңгейінде қалып отыр.

Қарабаевтың айтуынша, әуе билеттерінің бағасы мемлекеттік реттеуге жатпайды.

Ал егер әуе компаниясы бағаны негізсіз көтерсе, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополияға қарсы ден қою шараларын қолданады. Бүгінде жолаушылар ағыны көрсеткішінің артуына байланысты әуе кемелерінің паркін кеңейту және тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2025 жылдың соңына қарай әуе кемелерінің паркі жаңа 19 кемемен ұлғайтылып, 120 бортты құрайды деп күтіліп отыр. Бұл тасымалдау сыйымдылығын 20%-ға арттырады, - деп түсіндірді Көлік министрі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 292
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 442
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 305