Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Мәйекті 2321 27 пікір 11 Қазан, 2024 сағат 14:49

Түркия енді “Орталық Азияны” “Түркістан” деп атамақ!

Фото: Ғаламтордан

Түркияның білім министрлігі оқу бағдарламасына өзгеріс енгізіп жатыр. Соған сәйкес, «Орталық Азия» термині «Түркістан» деп өзгертіледі. Түркияның ұлттық білім министрлігі тарих бойынша оқу бағдарламасына түбегейлі өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Соған сәйкес, «Орталық Азия» термині «Түркістан» деп өзгереді. Сарапшылар бұл шешім болашақ ұрпақ арасында ұлттық сана мен патриотизмді нығайтуға бағытталғанын айтады. Білім министрлігінің шешімін түсіндірген түркиялық сарапшы Рамин Садык Түркия сөзі де, Түркістан сөзі де түркілер тұратын аймақты білдіретініне назар аударған.

Сарапшы түркі әлемі үшін ортақ тарих, география, әдебиет, карта мен әліпби құру жөніндегі белсенді қадамдар кезеңінде ұлттық білім министрлігінің «Түркістан» терминін оқулықтарға, оның ішінде балаларға енгізу туралы шешімді елеулі өзгеріс деп атады.

Ал  Сенатор Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желіге «Түркияда мектеп оқулықтарындағы Орта Азия терминін Түркістан деп өзгертеді екен. Дұрыс бастама деп ойлаймын. Орта Азия, Орталық Азия - ХІХ ғасырда шыққан атау. Тұтас аймақтың тарихи атауы - Түркістан. Мағжан мен Мұстафа да Түркістан деп Орталық Азияны атаған»,-деген пікір қалдырды. Біз де Орталық Азияны неге солай атамасқа? Ал, сіз не дейсіз?

 

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052