Сәрсенбі, 16 Қазан 2024
Жаңалықтар 250 1 пікір 15 Қазан, 2024 сағат 16:42

Жастар арасындағы құқық-бұзушылықтың алдын-алу

 

Қазіргі қоғамда студенттер арасында құқық бұзушылықтардың өсуі алаңдатарлық жағдай туғызуда.Алматы қаласының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын-алу және олармен күрес мақсатында «Zhastarmen» жобасын іске асырып, студенттерге құқық бұзушылықтарға қарсы белсенді күресуге мүмкіндік беруде. Бұл бастаманың басты мақсаты – студенттерді заңсыз әрекеттерден сақтандыру және құқық бұзушылыққа байланысты жедел ақпаратпен бөлісуге шақыру. Жобаның бір мысалы ретінде Алмалы ауданында вейп сататын дүкенді анықтаған студенттің әрекеті көрсетіледі, бұл факті негізінде рейд жүргізіліп, заң бұзушылық дәлелденді.

 

Жоба барысында «Жастар» телеграмм каналының белсенді қатысушыларымен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп алкоголь өнімін заңсыз өткізу және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Әр түрлі құқық бұзушылықтар үшін 16 әкімшілік хаттама толтырылды.Алмалы ауданы прокуратурасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің өте белсенді болғанын атап өтіп,сыйлық сертификаттарын табыстап,алғыс білдірді.Алдағы өтетін шараларға белсенді қатысуға шақырды.Мұндай жобалар студенттер арасында құқықтық мәдениетті арттыруға, заңға қарсы әрекеттерге жол бермеуге бағытталған маңызды қадамдар болып табылады. Жастардың құқықтық білімін арттыру және оларды заңды сақтауға баулу қоғамдағы тәртіп пен әділеттілікті нығайтуға үлес қосады.

Студенттер арасындағы құқық бұзушылықтар көбінесе заңға деген немқұрайлықтан және бақылаудың әлсіздігінен туындайды. Оның ішінде вейп,алкоголь,есірткі өнімдерін т.б пайдалану, тыйым салынған заттарды тарату және қолдану студенттер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түріне айналды.Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызды қадамдарының бірі – құқықтық сауаттылықты арттыру.Осыны назарға ала отыра, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы  білім алушыларға арнайы жұмыс жүргізіп, тренингтер мен семинарлар өткізіп отырады.Студенттерді заңды сақтауға және құқықтық нормаларды бұзбауға шақырады.

                                                                               Мухамадиева Г.Н

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

Андарбек Н.Е

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультетінің 2 курс студенті

 

1 пікір