Израиль-ХАМАС соғысы: Яхия өлді. Орнын кім басады?
ХАМАС-тың жаңа басшысы. Ал Израильмен келіссөздер «барған сайын қиындайды»
Әлемдік ақпараттағы кешегі күннің басты жаңалығы – «ХАМАС» қозғалысының жетекшісі Яхия Синвардың қаза табуы болды.
Ихраиль: «Газа секторында «ХАМАС» жетекшісі Яхия Синвардың көзі жойылды. Газада 3 содырдың жойылған. Олардың бірі Синвар», - деп мәлімдеді.
Осыдан соң, «ХАМАС» мәлімдеме жасап, Синвардың қаза тапқаны туралы ақпаратты терістеген. «Яхия Синвардың қазасы туралы ақпарат жалған», - деді «ХАМАС».
Артынша, Израиль тарабы «ХАМАС» лидері Яхия Синвардың көзі жойылғанын хабарлап, фото мен видео дәлел жариялады.
Ал Израиль премьері Нетаняху Яхия Синвардың қазасына қатысты үндеу жасады:
«Бір жыл бұрын біз Суккотты атап өтіп жаттық. Сол кезде Яхия Синвар Израильге қарсы 7 қазандағы шабуылды жоспарлап болып жатты. Бүгін Яхия Синвардың көзі жойылды!
Израиль тарихындағы ең қасіретті шабуылды жасаған адамды, мыңдаған Израиль азаматын өлтіріп, жүздегенін тұтқынға алған Яхияны біздің әскер өлтірді!», - деп мәлімдеді.
Нетаняху Синуардың өлімін «маңызды бетбұрыс» деп атап, тұтқын ұстап отырған ХАМАС содырларын берілуге шақырды. «Яхия өлді. Енді қаруларын тастап, өз еркімен берілгендерді тірі қалдырамыз. Бұл уәде!», - деді.
Түркия «ХАМАС» тарапынан ресми ақпаратты күтетінін айтты. Ал Катар «ХАМАС» басшылығы тарапынан соңғы 3-4 күнде мүлде байланыс болмағанын айтты. АҚШ-тан Байден сөйлеп, Яхия Синвардың қазасын Усама бен Ладеннің қазасымен теңеді!
Халед Машал Яхья Синвар қаза болғаннан кейін ХАМАС қозғалысы басшысының міндетін атқарушы міндетін өзіне алды, - деп хабарлады ливандық телеарналар.
Олардың айтуынша, енді Машал келіссөздерге қатысатын негізгі тараптармен барлық коммуникацияларға және тұтқындармен проблемаларды шешуге жауап береді.
Сондай-ақ, дереккөздер телеарнаға «ХАМАС басшылығы түрік, катар және мысырлық ресми тұлғаларды өздерінің саяси бюросының басшысы Яхья Синвараның Тель-әл-Сұлтандағы операция кезінде қаза болғаны туралы хабардар еткенін» растады.
Сондай-ақ, ХАМАС-тың хабарлауынша, Синвар өлтірілгеннен кейін тұтқындарды алмасу және Газа секторындағы соғысты тоқтату туралы келіссөздер «барған сайын қиындай түседі».
ХАМАС палестиналық қозғалысының жаңа басшысы Халед Машал 68 жаста.
Abai.kz