Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
Бетбұрыс 539 0 пікір 17 Қыркүйек, 2024 сағат 14:07

Жастар саясатындағы маңызды топ - NEET санатына кіретін жастар!

Сурет aikyn.kz сайтынан алынды.

Қазіргі уақытта жастар саясатына көңіл бөлу - жалпы ел саясатының ажырамас бөлігіне айналған. Жастар саясатын дамыту - Қазақстанда трендте десек жалған айтпаған болар едік. 

Осы ретте біз саясаттанушы Асхат Қасенғалиді сөзге тарттық:

– Жастар саясатындағы маңызды проблема NEET санатына кіретін жастар тобы болып табылады. Олар ешқайда жұмыс істемейтін және оқымайтын адамдар санатына жатады. Бұған әлеуметтанушы ғалымдарымыз кәсiптiк бағдарлаудың әлсiздiгi ықпал етедi деп есептейді. Сол себепті, ектептер мен колледждердiң түлектерi өздерiне сәйкес келмейтiн мамандықтарды таңдайды да кейінен өмірлік өкінішке ұрынады.

Осы орайда біздің айтпағымыз жастар тарапынан мамандықты таңдауға өте жиі ата-аналар, педагогтар әсер етеді. Ата-аналар, педагогтар жас адамның нені қалайтына құлақ аспайды да, өз пікірін ашып айтуына еш жол бермейді. Керісінше, қандай да бір мамандыққа деген сұраныстың барлығы және бітіргеннен кейін алатын жоғары жалақы туралы айтып миын шірітіп қолдарына береді. Бітіргеннен кейін жұмыс табу таппауы ешкімнің басын қатырмайды. Тек соны ғана оқу керек пе, оқу керек деген ұстаным ғана жас жігіт пен қыздың миына сіңіріледі. Нәтижесінде оқу орнында оқитын адам үшін оқу жылдары заялықпен өтеді де, ал оқуды бітіргені туралы алынған құжаты еш жерге жарамсыз болып қала береді. Кәсіптік бағдарлаушылардың пікірінше көбіне қазақ ұлтына тән ғадет еңбек нарығында талап етілмейтін мамандықты таңдау трагедиясы. Ақып аяғында, бітіруші диплом алып, жұмыс таба алмай, жұмыссыздар қатарын толықтыратындығын кәсіптік бағдарлаушылар зарын қылып айтуда.

Қазақстанда жастарды қолдаудың жаңа шаралары белсенді әзірленіп, енгізіліп жатқанын атап өтуге болады. Бұл білім беруде, жұмысқа орналасуда, бизнес-дамуда, тұрғын үй мәселесінде қолдау көрсетуді, сондай-ақ зиянды әдеттердің алдын алуды қамтиды. Мұндай бастамалардың жоғары деңгейде мақұлдануы мен қолдауына ие болуы маңызды, бұл осы проблемаға мемлекеттік деңгейде елеулі көзқарасты білдіреді.

Abai.kz

0 пікір