Жастар ресурстық орталығы: Белсенді жастар көбейіп келеді!
Бүгінде елімізде жастар саясатын жүргізуде «Жастар ресурстық орталығының» маңызы зор. Республикамыздың түкпір -түкпірінде белсенді жүмыс атқарып жатқан орталықтардың басты міндеті- жастарымыздың ел дамуына үлес қосуға белсенді болуға шақыру. Еліміз бен қоғамымыздың бір бөлшегіне айналу.
Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Бекарыс Ілиясұлы орталық атқаратын негізгі жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, Жастар ресурстық орталығы - аудандағы белсенді жастарды біріктіретін орда екен.
«Жастар ресурстық оррталығының басты мақсаты- аудандағы белсенді жастарды бір арнаға жинау. Жастар арқылы қоғамдағы маңызды мәселелерге үн қосу, ортақ мәселелерді шешу. Біздің орталықта жастармен жұмыс істейтін психолог, идеолог мамандар бар. Олардың өз функциясы бар. Мысалы психолог маман мектеп пен колледж студенттерімен жиі кездесу ұйымдастырып, нашақорлық пен ішімідік, темекі сынды зиянды әрекеттерден аулақ болу мақсатын көздейтін семинарлар өткізеді. Сонымен қатар қыз келіншектерге арналған танымдық жиындар өткізеді. Жастар орталығының мамандары аудандық полиция бөлімімен бірлесіп жасөспірімдер арасында қылмысты азайту мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарына белсене араласады. Одан бөлек аудан жастарын жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарына қатысады. Ауданда болып жатқан қоғамдық жұмыстарға белсене араласамыз. Ерікті жастарымыз қайырымдылық акцияларына қатысады»,- дейді Бекарыс Ілиясұлы.
Ел ертеңі жастарымыздың, ел дамуына белсенді араласуы бәрінен де маңызды. Ел қамын ойлайтын жастарымыз көп болсын.
Abai.kz