Сенбі, 26 Қазан 2024
Жаңалықтар 346 1 пікір 23 Қазан, 2024 сағат 11:58

Қазақстанда 26,5 млн тонна астық жиналды

Сурет: egemen.kz

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,3 млн гектарды құрады, оның ішінде 16,7 млн гектары – дәнді және бұршақты дақылдар. 26,5 млн тонна астық бастырылды.

Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары. Негізгі астық егетін өңірлердің ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жоғары нәтижелер байқалады. Оңтүстік өңірлерде өнімділік бойынша жоғары көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында байқалады.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында күздің қолайлы ауа райы егін жинау науқанын айтарлықтай шығынсыз жүргізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Abai.kz

1 пікір