Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
Билік 115 1 пікір 28 Қазан, 2024 сағат 18:17

Президент Тоқаев ресми сапармен Моңғолияға барды

Суреттер Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

Abai.kz ақпараттық порталы аталған сапар жайлы алдағы уақытта егжей-тегжейлі материал ұсынатын болады.

Abai.kz

1 пікір