Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 1549 18 пікір 18 Қазан, 2024 сағат 14:07

Жаңа Ұлттық доктрина қандай болуы керек?

Сурет Ә.Бәкірұлының мұрағатынан алынды.

Мемлекеттің және қоғамның дұрыс дамуы үшін Эпистемалық таным (білім) жүйесі болуы керек.

Ол Таным моделі мемлекеттің және қоғамның қазіргі жағдайын басшылыққа алар болса - тұйыққа тіреледі. Себебі, онда дамудың объективті факторы емес, субъективті факторы шешуші роль атқаруы мүмкін.

Мысалы, ол демократиялық қоғамда басқа, авторитаризмде басқа, тотолитаризмде басқа және отарлық езгі (колониализм) жағдайында басқа және т.т.

Сондықтан, Эпистема, ең алдымен, Мемлекет пен Қоғамның  Даму бағытын айқындап, сосын соған сай Мемлекет пен Қоғамның объективті даму мүмкіндіктерінің тұтас жиынтығын таным моделі  ретінде қолданады.

Сонда, Мемлекет пен Қоғамның нақты МАҚСАТЫ көзге көрінеді...

Мемлекет пен Қоғамның ерік-жігері бағытталатын жол пайда болады...

Сол себепті,  осы тәсілді қолданғанда, Мемлекет жігері мен Қоғам жігері бір арнада тоғысады:

а) Қоғам Мемлекетіне талап қоя алады.

ә) Қоғам өзіне талап қоя алады.

(Бұл  - Мемлекет пен Қоғамның өз даму жолы. Ішкі мәселесі).

Бірақ ол Сыртқы факторларды да ескереді:

а) Бір бағытқа жол ашады.

ә) Бір бағытты тежейді.

Осылай, толқынды түрде даму арқылы, Эпистема Мемлекет пен Қоғамның Біртұтас әрі Тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Эпистема жоқ жерде, М. пен Қ. дамуы үнемі қатер өтінде тұра бермек.

Мысалы, Қоғамның (мемлекет құрушы ұлттың) салт-дәстүрін жоғалтуы, мемлекет заңдарының эклектикалық сипатқа енуі, оның Қоғам мүддесіне қайшы келуі,

Ұрпақ тәрбиесіндегі «мемлекттік әрі қоғамдық мүдденің» әлсіреуі, содан түпкілікті жойылуы, экономиканың өзіндік объективті мүмкіндіктері мен оның М.пен Қ. дамыту (стратегия) ықпалынан ажырауы және т.т.

Сондықтан, біз отыз жылдық тарихы бар авторитарлық «назарбаев жүйесін» ешқашан Модель деп қарастыра алмаймыз.

Қазіргі жүйе ол қателіктерді қайталауда.

Қорытынды:

Бізде М. Даму мүмкіндіктері мен Қоғам Дамуы мүмкіндіктері бір-біріне сәйкес емес.

Билік «Мемлекет деген мен» деген ұстанымда.

Қоғам «Мемлекет деген біз» деген деңгейге жете алмауда...

Бізге жаңа Ұлттық Даму Доктринасы қажет болып тұрған сыңайлы...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1433
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3199
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5114