Сенбі, 2 Қараша 2024
Билік 416 1 пікір 31 Қазан, 2024 сағат 16:09

Үкімет: Өнеркәсіп саласын дамыту мәселелері қаралды

Фото: Үкімет

29 қазанда Үкімет үйінде Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өткен еді. Жиында өнеркәсіпті дамытудың басым бағыттары айтылды.

Машина жасауды дамыту мәселелері қаралды. Саладағы ахуал туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады, салалық қауымдастықтардың өкілдері – Машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев пен Өнеркәсіптік инвесторлар одағының президенті Қайрат Еламанов, Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Мақашева баяндама жасады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бүгінде өңдеу өнеркәсібі өз көлемі бойынша өндіруші өнеркәсіпті қуып жеткенін және өсімді жалғастырып жатқанын айтты. Бұл ретте жетекші орындардың бірін машина жасау саласы алады – 20%. Оған 4 мыңға жуық компания жұмылдырылған, 120 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев Үкімет отырысында саланы дамыту 7 негізгі бағыт бойынша 79 іс-шараны қамтитын 2024-2028 жылдарға арналған бекітілген кешенді жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол бойынша 5 жыл ішінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жаңа өндірістерді құруға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға 600 млрд теңге көлемінде, «ДАМУ» АҚ 50 млрд теңгеге қаржыландыру көзделген, бұл ШОБ-ты коммерциялық банктермен шамамен 370 млрд теңге сомаға қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Үкімет отырысында автомобиль жасау саласының дамуы туралы Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Мақашева баяндады. Отандық автоөнеркәсіп бүгінде көлік құралдарын шығаратын сегіз кәсіпорыннан тұрады. 2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 91 мың бірлік автокөлік құралдары өндірілді.

Өнеркәсіптік инвесторлар одағының президенті Қайрат Еламанов Премьер-министрге ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің жылдық көлемінің өсуі туралы хабарлады. Бүгінде ол 263 млрд теңгені құрайды. 2025 жылы 300 млрд теңгеге дейін өсім болжануда. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында фермерлердің жыл сайынғы қажеттілігін толық қамтамасыз ететін 8 кәсіпорында тракторлар мен астық жинайтын комбайндар шығарылады.

Үкімет басшысы Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін отандық машина жасау әлеуетін белсенді пайдалану және жаңа технологияларды енгізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, роботтандыру мен өндірістік циклдарды автоматтандырудың жаһандық тенденцияларына сәйкес кәсіпорындарда цифрлық технологияларды енгізу маңызды.

Премьер-министр өнеркәсіп, қаржы, ұлттық экономика министрліктеріне және «Бәйтерек» холдингіне мақұлданған қаржы-экономикалық негіздемелер шеңберінде машина жасаудағы жобаларды қосымша қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Олжас Бектенов машина жасау кәсіпорындары негізгі қорларды жаңарту және тауарлардың жаңа түрлерін өндіруді бастау үшін жеңілдікті мөлшерлемемен кредиттермен қамтамасыз етілуі тиіс екенін атап өтті.

Ішкі өндірушілерді қолдау үшін Олжас Бектенов өнеркәсіп және қаржы министрліктеріне мердігерлердің жұмыстар мен қызметтердегі отандық үлес бойынша талаптарды орындауын бақылауды күшейтуді тапсырды. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алулардан бірқатар машина жасау тауарларын алғанына қарамастан, сатып алу тізімінде жасырылған импорттық өнімді сатып алу фактілері тіркелуде.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 291
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 438
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 300