Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
46 - сөз 1850 22 пікір 1 Қараша, 2024 сағат 14:19

Соғыстың сұлбасы: Не Путин алады, не Путинді алады!

Суреттер Риа Новости сайтынан алынды.

Ресейде Сергейлердің сау милысы қалмағанға ұқсайды. Атақты боқтампаз Лавровтары бір төбе болса, жатып-жатып, шовинистік дерті асқынғанда құтырып кететін, сөйтіп қазаққа бір, өзбек, қырғыз, тәжікке екі соқтыға кететін Миронов деген Сергейлері екі төбе еді. Енді олардың қатарына Караганов деген Сергей қосылды.

Жасы 72-ден асса да ауызы ақылына бағынбайтын бұл Сергей - жүрген бір жәй Сергей емес. Кремльдің төңірегін торуылдап жүрген, Ресей президентімен жақсы сыйлас деп сипатталатын Сергей (Караганов).

Сол бүйдеді: «Ядролық қару – бұл Құдайдың бізге берген сыйы. Оны қолданбау – күнә! Бізде осы қарудың пайда болуы тегін емес. Жоғарғы тылсым күштің көмегі бар. Құдай елден бұрын ядролық қару жасағысы келген немістердің жолына тосқауыл болды. Сөйтіп, Құдай оппенгеймерлер мен Фукстердің қолымен ядролық қаруды бізге берді. Осылайша Құдай адамзатты апаттан аман алып қалды. Біз де Құдайды ашуландырмай, бұл қаруды белсенді қолдануымыз керек. Бұл қару бізге өзімізді құтқару үшін берілген», - деді.

2023 жылы: «Ресей Польшаға ядролық соққы жасауы керек», - деп мәлімдеме жасаған да осы Сергей еді...

Әсілі бұл ойнап отырып, ойына түскенін айта салған жоқ. Соңғы жылдары президент Путиннен тартып, ядролық риториканы көп айтып жүр. Осыдан екі күн бұрын ғана Ресей ядролық қаруды қолдану бойынша жаттығу өткізді. Путин оны тікелей эфирде көріп отырды.

Ресей әскері шартты қарсыласқа ядролық соққы жасау жаттығуында «Синева», «Ярс», «Булава» баллистикалық зымырандарын қолданды.

«Ядролық қаруды қолдану – мемлекет қауіпсіздігін қорғаудың ең ақырғы амалы.Ядролық триада – Ресей Тәуелсіздігінің, территориялық тұтастығының ең сенімді кепілі!», - деп сөйледі соңында Путин.

Көршінің көңіліндегісі осы боп тұр, қазір... Ұзаққа созылған соғыстың нүктесі - не Путин алады, не Путинді алады дегенге келе жатқан сыңайлы...

Нұргелді Әбдіғани

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2042