Жұма, 6 Желтоқсан 2024
46 - сөз 2678 5 пікір 4 Қараша, 2024 сағат 14:31

Сайлау: Санду жеңді. Ресейшіл аумақтар жеңілді

Сурет newsmaker.md сайтынан алынды.

Кеше Молдовада президенттік сайлаудың екінші кезеңі аяқталды. Қорытынды есеп бойынша қазіргі президент Мая Санду екінші мерзімге сайланды.

Шын мәнінде, Молдовадағы сайлау Ресей мен Батыс арасындағы тартысты таңдау болды десек қателеспейміз. Енді осы туралы қысқа-нұсқа ақпарат бөлісейік:

Молдовадағы президенттік сайлаудың бірінші кезеңі 20 қазанда өткен. 11 үміткер Молдованы басқаруға ниетті болды. Десе де, өзгелерден оқ бойы озып шыққан екеу болды. Біріншісі – Молдованың қазіргі президенті Мая Санду. Ал екіншісі – Молдованың бұрынғы бас прокуроры Александр Стояногло.

Бірінші кезеңде Санду 42,49% дауыс жинаса, Стояногло 25,95% дауыс алды.  Сол күні Молдова Конституциясына «елдің еуропалық бағамының қайтымсыз екендігі туралы түзетулер енгізу» бойынша жалпыхалықтық референдум қатар өткен.

Молдова жұрты Еуроинтеграцияны таңдады. 50,35% халық қолдап, 49,65%-ы қарсы дауыс берген. Десе де, Еуропа бағытын таңдаушылар жеңіске жетті деп жарияланды.

Ал кеше Мая Санду мен Александр Стояноглоның екінші турдағы бетпе-бет айқасы аяқталды. Молдова Орталық сайлау комиссиясы хаттамаларды есептеп, жеңімпазды атады. Сөйтіп, Мая Санду 55 пайыз дауыс жинап, екінші мерзімге сайланды.

Ал оның басты оппоненті болған Александр Стояногло 45 пайыз дауыспен шектелді.

Мая Санду Молдова ішіндегі саялау учаскелерінде Стояногломен тең нәтиже көрсетсе, шетелдегі елшіліктерде ашылған дауыс беру учаскелерінде айқын басымдықпен жеңген. Шетелдегі дауыс беруде басым көпшілік Сандуды қолдаған (85% дауыс алған).

Ал Стояногло ең көп дауыс жинаған аумақтар - ресейшіл аумақтар! Молдованың ресейшіл автономиясы саналатын Ғағауызияда Стояногло 97,04% дауыс алған. Ал Санду бұл өңірде - 2,96% ғана дауыс жинаған. Сондай-ақ, Ресей әскері бақылауындағы Приднестровьеде Стояногло 79,40%, Санду 20,60% дауыс жинаған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1434