Сейсенбі, 3 Желтоқсан 2024
АЭС құрылысы 2127 0 пікір 4 Қараша, 2024 сағат 15:42

АЭС-ті кім салады: Энергетика министрі Сеулге неге барды?

Коллаж ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Қазан айының соңында Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Оңтүстік Кореяға барып, кореялық жетекші компаниялардың өкілдерімен кездесті.

«Бұл келіссөздердің басты тақырыбы атом энергетикасы болды. Сондықтан Оңтүстік Корейдің бірінші қазақстандық АЭС құрылысына мердігерлік алу мүмкіндігі күрт өскен сияқты», - деп болжайды Орда сайты.

Ал «The Times of Central Asia»: «Сеулдегі келіссөздердің негізгі тақырыбы – атом энергетикасы болып табылды. Бірақ Сатқалиев осы сапарында бірыңғай Оңтүстік Корейдің Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрімен мұнай-газ секторындағы және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудағы ықтимал ынтымақтастықты талқылады», - деп жазады.

Энергетика министрлігінің басшысы сондай-ақ осы сапары барсында корейлік «Doosan Enerbility», «Korea Hydro & Nuclear Power» (KHNP), «Korea Electric Power Corporation» (KEPCO), «Korea National Oil Corporation» (KNOC), «Samsung» сынды жетекші компанияларының өкілдерімен кездескен. Ол Оңтүстік Корейдің алғашқы қазақстандық АЭС құрылысымен айналысатын халықаралық консорциумға қатысу мүмкіндігін сөз еткен.

Осыдан барып: «ҚР  Энергетика министрлігінің басшысы корейлік инвесторлармен станция салу туралы келісті ме?» «Тараптар тағы не талқылады?» деген ауандағы сауалдар туындайды. Оның жауабын алдағы уақытта біле жатармыз...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 861