Жұма, 6 Желтоқсан 2024
Аласапыран 1202 2 пікір 4 Қараша, 2024 сағат 15:54

Қазақстан Израильге қару эмбаргосын енгізуді қолдады!

Коллаж: Abai.kz / Суреттер: eadaily.com, ria.ru және ҚР СІМ сайтынан алынды.

Түркия БҰҰ-дан Израильге қарсы қару-жарақ эмбаргосын енгізуді сұрады. Құжатқа 52 ел мен екі халықаралық ұйым, соның ішінде Қазақстан да қол қойды.

Хатта Израильдің халықаралық құқықты бірнеше рет бұзғаны, нәтижесінде бейбіт тұрғындар – әйелдер мен балалардың жаппай қырылып жатқаны айтылған.

Анадолы агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Түркия бұл хатты 1 қарашада БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке тапсырған.

Тақырыпқы тұздық:  Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі Ливан аумағындағы өз азаматтарын эвакуациялағанын мәлімдеді.

«Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, сондай-ақ Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдарының көмегімен Ливаннан ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелері эвакуацияланды.

Аталған операция Стамбул және Дубай қалалары арқылы жүзеге асырылды, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматыға 41 адам аман-есен оралды», - делінген хабарламада.

Эвакуация ұрыс қимылдары аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1428