Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 1112 5 пікір 5 Қараша, 2024 сағат 15:58

Ресей бастаған соғыс Украина аумағынан шығып кетті!

Сурет hromadske.ua сайтынан алынды.

НАТО Бас хатшысы: «Украинадағы соғыс оның шегінен шықты. Ресей Еуропаға диверсиялық шабуылды күшейтуде», - деп мәлімдеді.

«Ресей Украинаны соғыста қолдайтын НАТО елдеріндегі диверсиялық қызметті жандандырды», - деп мәлімдеді НАТО бас хатшысы Марк Рютте Берлинге сапары кезінде.

«Біздің одақтастарымыздың аумағында гибридтік шабуылдардың күшеюі, біздің демократиялық жүйелерімізге тікелей араласу! Бұл өнеркәсіптің саботажы мен зорлық-зомбылық әрекеттері болып саналады. Осының бәрі майдан шебінің ауқымының өз сызығынан шығып кеткенін білдіреді», - деді НАТО бас хатшысы.

Рюттенің пікірінше, Украинадағы соғыс оның шегінен шығып кетіп, «Балтық өңіріне, Батыс Еуропаға және тіпті Қиыр Солтүстікке» бағдар ұстанды.

Рютте сондай-ақ «Украина НАТО-ға мүше болады» деген сенімін білдіріп, елдің Альянстағы жолындағы даңғыл «көпірі» қазірдің өзінде салынып жатқанын айтты.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1434
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3199
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5142