Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 713 0 пікір 7 Қараша, 2024 сағат 16:12

Депутат ваучерлік қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Фото: vezha.ua

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев ваучерлік қаржыландыру механизмін тоқтатуды ұсынды.

Депутат Оқу-ағарту министрлігінің ваучерлік қаржыландыру механизмін енгізу туралы бастамасы да қоғамда үлкен сынға ұшырап жатқанын айтты.

Ваучерлік механизмнің енгізілуі ата-аналар мен жекеменшік балабақша құрылтайшыларының қарсылығын туғызып жатыр. Олардың айтуынша, пилоттық жоба толыққанды дайындықсыз жүзеге асырылып жатыр. Қаржыландыру мен балаларды тізімге алу механизмінде көптеген олқылық бар. Пилоттық жобаға ұсыныстар министрге қолма-қол ұсынылса да, ескерілмеген. Оқу-ағарту министрін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жекеменшік балабақша құрылтайшылары әлі күнге дейін тосып жүр, - деді Балабиев.

Депутаттың сөзінше, Шымкентте, Түркістан және Жамбыл облыстарында мыңдаған балабақша құрылтайшылары ваучерлік қаржыландыру жүйесіне мәжбүрлеп қостыру жүргізілгендігін айтып жүр.

Бұл жобаны қаржыландыру, балалардың тізімін жасақтау мен кезегін күттірмеу механизмінде олқылықтар өте көп. Тізімді жергілікті білім басқармалары бекітетін тұсы және Оқу-ағарту министрлігі ваучерлік қаржыландыруды «Қаржы орталығы» сілтеуі орынсыз деп санаймын. Жекеменшік балабақшалардың көпшілігі пилоттық жобаның кемшіліктеріне байланысты мемлекеттік тапсырысты орындаудан бас тартуға мәжбүр. Балабақшалар коммерциялық негізде бала қабылдауға ауысса, ең төменгі жалақысы 85 мың теңгенің 70 мың теңгесін төлей алмайды. Тек бір емес, бірнеше баласы бақшаға баратын отбасылар баршылық. Ал бұл ата-аналар үшін қосымша қаржылық ауыртпалық болары айтпаса да, түсінікті, - дейді Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған сауалында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2058