Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Қоғам 1174 0 пікір 11 Қараша, 2024 сағат 13:38

Ақтөбе: Жүргізуші 11,5 миллион теңге айыппұл арқалады

Фото: ІІМ

Ақтөбеде жүргізуші қыруар қаржы айыппұл төлейді.  ІІМ мәліметінше, бұзушылықтар "Қорғау" жүйесінің көмегімен анықталған. Шетелдік нөмірмен жүрген 35 жастағы ер адам екі ай ішінде ВАЗ-2114 көлігімен қала көшелерінде рұқсат етілген жылдамдықтан бірнеше рет асып түсті.

"Айыппұл сомасы шамамен 11,5 миллион теңге. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылған. Азаматтарды Заң мен тәртіпті сақтауға шақырамыз! Шетелдік нөмірмен жүрген кейбір жүргізушілер жазадан құтылғысы келеді, бірақ полиция мұндай құқықбұзушыларды анықтап, оларды жауапқа тартады", - деп хабарлады ведомстводан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4916
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113