Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Қоғам 2653 3 пікір 14 Қараша, 2024 сағат 13:59

Зоопарк емес: Бишімбаев қайда? Сенатор не дейді?

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары және жақында сенатор болған Марат Қожаев сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын өтеу тәртібіне қатысты түсінік берді.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер «Қ. Бишімбаевтың шынымен де жазасын өтеп жатқаны туралы фотосуреті немесе бейнематериалдар неге жарияланбады?» деген сұрақ қойды.

«Бишімбаевтың қай жерде қамауда отырғаны құпия емес. Біздегі колониялар әртүрлі категорияларға бөлінген, яғни жеңілдетілген, орташа және қауіпсіздік деңгейі жоғары деп айқындалған. Ол кісі барынша жоғары қауіпсіздік талабы қарастырылған Степногордағы колонияда өз жазасын өтеп жатыр», - деді М. Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның пайымынша, Қ. Бишімбаевтың қамауда отырған орнына қатысты дүрбелеңге тілшілердің тексерілмеген мәліметтерді таратып жіберуі себеп болды. Егер сотты болған адам өзін көпшілікке көрсеткісі келмесе, оны ешкім мәжбүрлей алмайды.

«Тиісті колонияда жазасын өтеп жатқаны нақтыланды. Сотталған адамның құқығы бар ғой? Ол жер зоопарк емес. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері сол жерде Бишімбаев отыр деп экскурсия жасай алмайды», - деді сенатор.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1172
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2696
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 817
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 788