Бейсенбі, 21 Қараша 2024
Билік 754 1 пікір 14 Қараша, 2024 сағат 20:57

Жаңаөзен әкімі: Мұнайшының балалары мұнайшы болсын дейтін ұғым жоқ

Сурет Жаңаөзен қаласының әкімдігі сайтынан алынды.

Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшыларының талабына қатысты жауап берді. Бұл туралы «Yedilov Online» телеграм арнасы таратты.

Әкім Жансейіт Қайнарбаевқа сұрақ қойған азамат: «Менің қызым «Өзенмұнайгаз» атынан оқып, қызыл дипломмен маман болып шықты. Оқуын 2012 жылы аяқтады. Міне, 2012 жылдан бері әлі жұмысқа алған жоқ.

Мен өзім осы жерде туылып, оқу бітіріп, Отан алдындағы борышымды өтедім. Осы жерде жұмыс жасадым. «БЖБ» мекемесінен зейнетке шықтым», - дейді.

Бұған әкім Жансейіт Қайнарбаев: «Осы «БЖМ» мекемесінің жұмысшылары, зейнеткерлері: «Біздің балаларымызды кезектен тыс жұмысқа алсын», - деген уәжбен тұр. Ел қатарлы кезекке тұрсын.  Мұнайшының балалары мұнайшы болсын дейтін ұғым жоқ», - деп жауап берді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1431
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3198
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5099