Жұма, 15 Қараша 2024
Жаңалықтар 68 1 пікір 15 Қараша, 2024 сағат 15:09

Бишімбаевтің қай түрмеде отырғаны белгілі болды

Фото: Ulysmedia

Марқұм Салтанат Нүкенова тарапының мүддесін қорғаған адвокат Жанна Оразбақова ҚАЖК мекемесіне хат жолдап, экс-министр Қуандық Бишімбаевтің қайда жазасын өтеп жатқанын білді, деп хабарлайды  Abai.kz Ulysmedia.kz. сілтеме жасап.

БИШІМБАЕВ ҚАЙДА?

Адвокат Инстаграм парақшасында сотталған экс-шенеуніктің Ақмола облысы Степногорск қаласындағы ҚАЖД №5 мекемеде (түзету мекемесінің 7 өнеркәсіп аймағы, 14 А ғимарат) жазасын өтеп жатқанын хабарлады.

11 қарашада ҚАЖК баспасөз қызметі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқанын, ал оның қашқаны туралы кез келген мәліметтер жалған екенін хабарлады.

Бұл қауесетке сотталған экс-министрдің нақты орналасқан жерін табуға тырысқан YouTube арналарының бірінде жарияланған сюжеті себеп болған. Соның сюжетте Бишімбаев болуы тиіс колонияда ол жоқ деп айтылған, бұл әлеуметтік желілерде жалған ақпарат толқынын туғызған. ҚАЖК азаматтарды жалған ақпарат таратудан сақтандырып, ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды. Ведомство сотталушының қашып кеткені туралы жалған қауесеттердің негізі жоқ екенін және таратушыларға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. "Кінәлілер жауапқа тартылады" деп қосты баспасөз қызметі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1277
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3018
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3788