Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Қоғам 2654 0 пікір 18 Қараша, 2024 сағат 12:30

Министр: Әр фермердің мәселесі жеке қаралады

Фото: eldala.kz

Несиені өтеу мерзімін ұзарту мәселесі бойынша әрбір фермердің мәселесі жекелей қаралады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті.

Бүгін Парламент Мәжілісінде биылғы астықты өткізу мәселесін талқылау кезінде депутаттар көктемде және күзде егістік жұмыстарына бөлінген несиелер бойынша төлемді келесі жылдың көктеміне дейін ұзарту бойынша шешім қабылдау мүмкіндігі туралы сұрады.

Өз кезегінде А. Сапаров қазіргі кезде фермерлердің қайта құрылымдауды қарастыру туралы өтініштері келіп түсіп жатқанын айтты.

«Несиелерді жаппай ұзарту болмайды. Әрбір фермердің мәселесі жекелей қаралады. Себебі несиені үшінші жыл қатарынан ұзартып келе жатырмыз, ал қаржы бюджеттен берілгендіктен, оны қайтару керек. Біз әрқайсысын бөлек қарастырамыз. Қазір 119 фермерден 5,1 млрд теңгеден астам несиеге қатысты өтініштер келіп түскен», - деді министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1283
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2832
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 935
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 878