Сейсенбі, 19 Қараша 2024
Деп жатыр 88 0 пікір 19 Қараша, 2024 сағат 16:42

СҚО: Бұрынғы әкім алаяқтық үшін сотталды...

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Самат Ескендіров үлескерлердің жерін алдау арқылы сатып жібергені үшін сотталды. Ақмола облыстық сотының мәліметінше, қылмыстық іс шамамен жарты жыл бойы Көкшетау қалалық сотында қаралды.

«Е. және екінші адам несие алу мақсатында, ЖШС-і қатысушыларының келісімінсіз жиналыстардың жалған хаттамаларын құрастырып, Бурабай ауданы тұрғындарының жер телімдерін банкке кепілге берген. Осылайша сөз байласу арқылы ауыл тұрғындарының шартты жер үлестерінің құқығын иемденіп, мүлікті кепілге қою және ЖШС-нің үлестес кәсіпорына жер теліміне құқықты иеліктен шығару жолымен жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық зиян келтірді», — делінген баспасөз хабарламасында.

Ескердіровтің кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің жауаптарымен, жүргізілген тінту барысында тәркіленген төлем құжаттарымен, сондай-ақ сарапшылар мен тәуелсіз аудитордың қорытындыларымен дәлелденді.

Десек те жәбірленушілердің көпшілігі сотталушыға қатаң жаза қолданбауды сұрады. Сот олардың пікірін ескерді.

«Сондай-ақ, 2023 жылғы сот актілерімен ЖШС-нің құрылтайшылары жиналысының шешімі мен құқықтарды үшінші тұлғаларға беру туралы келісімнің күші жойылды. Яғни сотта қаралған іс бойынша жәбірленушілерге жер телімі қайтарылды, сондықтан ауыл тұрғындарына келтірілген материалдық шығынды өтеуге негіз жоқ», — делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1342
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3118
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 4618