Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 706 6 пікір 21 Қараша, 2024 сағат 16:05

Бір қаңғыбас итті асырауға күніне 5 мың теңге жұмсалады

Фото: almaty.tv

Өткен жылы ел аумағында 247 мың қаңғыбас ит ауланды және оларды зарарсыздандыруға, вакциналауға және тіркеуге шамамен 20 млрд теңге қажет. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлім етті.

«Депутаттар бұралқы иттерді аулап, ортасына қайтармауды ұсынып отыр, ал қазіргі заңға сәйкес иттерді аулайды, зарарсыздандырады, вакцина егіп, қайта ортасына жібереді. Елордадан өзге өңірлерде осы принциппен жұмыс істеп жатыр. Заңдағы жаңашылдық қаңғыбас итті аулап, 14 күн ұстау, сол уақыт аралығында иесі немесе панажай табылмаса итті жою, ал өлексені жою ветеринарлық-санитарлық тәртіп бойынша жүзеге асырылады», - деді Нұркен Шәрбиев Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде өткен «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында».

Сондай-ақ, вице-министр бұралқы иттерді аулап, өмір бойы бағу керек деген ұсыныстардың барын айтты.

«2023 жылы 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын иелері тіркеп, чиптеу нормасы күшіне енді. Егер тіркелген, иесі бар итті аулаған жағдайда, оны 60 күн бойы ұстайды және иесіне алып кетуін хабарлайды. Еуропа басқа да әлемді осы тәсіл қолданылады. Өткен жылы ел бойынша 247 мың ит ауланды. Егер ауланған иттерді табиғи жолмен өлгенше асырау керек болса, оларды зарарсыздандыруға, вакциналау және тіркеуге шамамен 20 млрд теңге қажет. Облыстар ұсынған статистикаға сәйкес бір итті асырауға күніне 5 000 теңге жұмсалады, ал былтыр ауланған 247 мың итті асырауға 400 млрд теңгенің үстінде қаржы жұмсалды».

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048