Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Қоғам 95 0 пікір 26 Қараша, 2024 сағат 16:38

59 теміржол вокзалының 54-і жөндеуді қажет етеді

Сурет: Көлік министрлігі сайтынан алынды.

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында теміржол вокзалдарының жай-күйіне тоқталды.

«Жолаушылар тасымалына тоқталатын болсақ, 2024 жылдың 10 айында 17 млн 600 мың жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға жоғары. Жыл соңына дейін 21 млн жолаушы тасымалдау жоспарланып отыр. Тасымалдау процесінің қолайлылығын қамтамасыз ету үшін теміржол вокзалдарын модернизациялау қажет», - деді министр.

Оның айтуынша, қазір тек Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Түркістан қалаларының вокзалдары ғана толық күрделі жөндеуден өткен.

«59 негізгі теміржол вокзалының 54-і (жергілікті әкімдіктер балансында – 4, ҚТЖ балансында – 50) жөндеуді талап етеді. Қазіргі уақытта тек Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Түркістан қалаларының вокзалдары толық күрделі жөндеуден өтті. Қалған вокзалдарды жөндеу бойынша қажетті техникалық құжаттар әзірленуде және қаржыландыру көздері мен механизмдері пысықталып жатыр», - деді Марат Қарабаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3331
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6090