Жұма, 6 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 664 3 пікір 28 Қараша, 2024 сағат 14:10

Лэд-экрандағы Украиан туы: ҚР ІІМ не дейді?

Сурет әлеуметтік желі скрині.

Кеше желіде Астанадағы лэд-экрандардың бірінде Ресей туының орнына Украина туы қойылған видео тарады. Аталмыш оқиға бойынша Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді.

«Кеше «Керуен Медиа» ЖШС-не қатысты оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде техникалық ақаулар мен жабдықтың жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылуда. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылатын болады» - делінген хабарламада.

Еске салсақ, кеше осы оқиғаның алдында Астанаға Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен ұшып келген еді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1444