«Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылы балалар қанша ақша алады?
Қаржы министрі Мәди Такиев «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша 2025 жылы 18 жасқа толған қазақстандық қанша ақша алуы мүмкін екенін айтты.
«Биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылды. 7 млн-ға жуық балаға 100 доллар 52 центтен есептедік. Бүгінде (қордағы қаржы) доллармен есептеледі, осы сома қосымша инвестицияланады. Сондықтан (ақшасы) өсіп отыр. Инвестициялық кіріске тоқталайын. Биыл біз көрсеткішті 2,6% деп санадық. Келесі жылы ол 3% болады деп болжам жасап отырмыз. Сондықтан біз 1 қаңтардағы санды ескеріп, балаларға (аударылатын ақша) 118-120 доллар болатын шығар. Бірақ оны 1 ақпанға дейін дұрыс есептеу керек», – деді Такиев Сенаттың жалпы отырысында.
Министрдің сөзін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов толықтырды.
«Биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша балаларға тиесілі сома – 890 млн доллар. Алдын ала есеп бойынша, жан басына шаққандағы әр балаға (аударылатын) қаржы – 130 доллар. Мәди Төкешұлы айтқандай, 1 қаңтарға дейін қанша бала дүниеге келді, қаншасы 18 жасқа толды дегенді есептеп, тиісті ақпарат береміз. (Қордағы қаржы) инфлциядан қорғалған, ол доллармен сақталады», – деді ол.
Abai.kz