Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
Дабыл 2341 0 пікір 10 Желтоқсан, 2024 сағат 20:01

Шерзат Полаттың әкесін полиция ұстады

Сурет: orda.kz сайтынан алынды.

Азат ауылында жағдай ушығып кетті, отандық БАҚ Шерзат Полаттың әкесін полиция қызметкерлері ұстады, деп жарыса жазуда. 

Бүгін Азат ауылында Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы шыққан соң Каржаубай Нұрымов журналистермен кездесуді талап етіп, қолына пышақ алып өз-өзін жарақаттаймын деп қоқан-лоққы көрсетті. Ал оның жақын туыстары тергеудің әділ жүргізілуін талап етуде.

Полиция оны агрессивті әрекеті үшін ұстады. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізіліп, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

«Ол айналасындағы адамдарға қауіп төндіріп, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның әрекеті бейтарап емес болғандықтан өзі мен айналасындағыларға қауіп төндірді. Туыстары мен адвокаттарының сұрауы бойынша, оның өміріне және айналадағы адамдардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері аздаған күш қолдана отырып оны ұстау шараларын қабылдады»,  деп хабарлады Алматы облысының полициясы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1519
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3133
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1130
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1049