Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024
Алаң 410 1 пікір 11 Желтоқсан, 2024 сағат 14:55

Шерзат Болаттың әкесі мен туыстары не үшін қамалды?

Сурет: turkystan.kz сайтынан алынды.

Кеше қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. Ал бүгін Қаржаубаймен бірге отбасының жақын туыстары да әкімшілік жазаға тартылды.

Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімімен Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды.

- Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын, айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін (ӘҚБтҚ 434 -бабының 1 - бөлімі) азамат Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлады облыстық соттан.

Сондай-ақ С.Нұрымова ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны азаматтығы жоқ Б.Реймова әкімшілік тәртіппен 15 тәулікке қамауға алынып, кейіннен Қазақстан аумағынан шығарып жіберілді.

Қаржаубай мен полиция өкілдерінің шиеленісі інісінің жерлеу рәсімінде болды. Себебі полиция алдын ала сот-медицина сараптамасы 30 жастағы Нұрғанат Ғайыпбаев асылып өлген деген қорытынды жасады деп хабарлады

Сараптама құжатында марқұмның "денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ", мойнында адам асылып өлгенде қалатын із бар, ал "құлағының арты мен желке тұсындағы жараға ұқсас іздер марқұм асылған зат қажағаннан пайда болуы мүмкін" деп жазылған.

Бұған дейін Қаржаубай Нұрымов желідегі парақшасына Ғайыпбаевтың денесінде қалған көгерген іздер көрінетін фото жариялаған еді. Алматы облысының полициясы да сейсенбіде телеграм-арнасында сол фотоны жариялады, тек суретті бұлдыратып қойғандықтан, іздер анық көрінбейді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1671