Сенбі, 10 Мамыр 2025
Билік 1529 1 пікір 13 Желтоқсан, 2024 сағат 14:35

Атырау су тасқынына дайын ба? Бозымбаев не дейді?

Сурет: Үкіметтің телеграм арнасынан алынды.

Вице-премьер Жылыой, Махамбет аудандарында, Құлсары, Атырау қалаларында болып, елді мекендерді үлкен судан қорғау жұмыстарын тексерді.

Жылыой ауданында Қамыскөл көлінің жағалауы нығайтылуда. Жем өзенінің арнасы 23 шақырым және Құрсай каналы 35 шақырым тереңдетілген. Нысандарға 100-ден астам техника жұмылдырылды.  Құлсары қаласында Қанат Бозымбаев тұрғындармен кездесіп, су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған тұрғын үйдің сапасын тексерді. Махамбет ауданында Жайық өзенінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарын тексерді.

Махамбет ауылында 4,5 шақырымға созылған жағалау нығайтылып, Махамбет және Сарытоғай ауылдары арасындағы көпір құрылысы аяқталды. Ауыл ішіндегі жол жөнделуде.

Атырауда қала маңындағы Талғайран, Ақжар және Еркінқала ауылдарында қорғаныс бөгеттері салынуда. Алмалы ауылында «Сарыөзек» каналының бойындағы 5,6 шақырым бөгеттер нығайтылып, Жайық өзенінің бойында ұзындығы 2,5 шақырым жаңа жағалау бекіткіштері салынып жатыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2008
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3009