Сенбі, 21 Желтоқсан 2024
46 - сөз 400 1 пікір 20 Желтоқсан, 2024 сағат 16:37

Бір сағаттық белдеуді Қазақстанда қолдануға толық болады

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Бүгінгі Қазақстанда талқылап жатырған үлкен мәселелердің бірі -сағат белдеуіне қатысты сұрақтар болып отыр, осының төңірегіндегі мәселелер көптен қозғалып жүр.

Былтырға 1-інші наурыздан бастап, біздің Қазақстан территориясында бір сағаттық белдеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл УТС +5 деген белдеу, бұл белдеу дүниежүзілік 24 сағатқа бөлінетін, бөліп қараған кезде  67  ̊ 87  ̊ арасын алып жатқан сағат белдеуі. Сол сағат белдеуінде мысалы қазіргі Қазақстан территориясынан өтіп жатқан бұл  белдеуде 76 %-тен астам Қазақстан халқы тұрады екен.

Сондықтан бұл  өте қолайлы деп есептеймін. Жалы халықтың көпшілігі осы сағатты пайдаланады. Енді бұл жерде әртүрлі сұрақтар туындап жатыр. Адам денсаулығына т.б. нәрселерге зиян тиіп жатыр, көп жарық жағып жатырмыз деген сияқты. Бұл мәселелер жөнінен ғалымдар, жергілікті мамандардың айтуына қарағанда, соңғы сағат  өзгергеннен бері қарай ешқандай апдам денсаулығына да, электр энергиясын пайдаланудың ешқандай артпағандығы айтылып отыр.

Сондықтан да қазіргі таңда бұл сағаттың тиімділігі экономикалық жағынан өте тиімді. Жұмыс уақыты Қазақстан бойынша бір уақытта басталып, бір уақытта аяқталады.

Сонымен қатар банк жүйесіндегі операциялыр бүкіл қзақатсна бойынша бір уақытта басталып біәр уақытта аяқталады. Көлік қарым-қатынасы, басқа транспорт түрлерінің жүру, келу уақыттары бір сағатқа бекітілгені қолайлы, яғни бұрынғыдай адамдардың ұшаққа немесе поездға кешегеп қалулары болмайды деп есептеймін.

Сондықтан бір сағаттық белдеуді Қазақстанда қолдануға толық болады, әрі дұрыс деп есептеймін.

Арман Закарияұлы Жұмағазиев 

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті География және туризм факультетінің аға оқытушысы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1936