Ақтауға Бразилиядан Embraer зауытының өкілдері келді
Ақтауға Бразилиядан Embraer ұшағын шығаратын зауыттың өкілдері келді, - деп жазды Азаттық радиосы.
Ұшақ апатын тергеу жөніндегі комиссия апат орнына барған. Қазақстанға тағы CENIPA (авиация оқиғаларын зерттейтін орталық) өкілдері келмек.
Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев Ақтау маңында құлаған ұшақтың қара жәшігін оқу мәселесін шетелден келетін мамандар шешеді деп айтқан. Оны оқуға орташа есеппен екі аптадай уақыт керек деді.
Abai.kz