Сенбі, 4 Қаңтар 2025
Әне, көрдің бе? 1687 0 пікір 30 Желтоқсан, 2024 сағат 13:16

Ядролық оқтұмсық: Ресей мораторийді алып тастамақ

Сурет: aa.com.tr сайтынан алынды.

Ресей ядролық оқтұмсықтар жеткізе алатын орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарды орналастыруға қойылған мораторийді алып тастамақ. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды. 

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 29 желтоқсанда осылай деп айтты.

"Америка дауысы" сайтының жазуынша, Лавров АҚШ-тың осыған ұқсас қару қоятынын алға тартқан. 2024 жылы шілдеде Берлин мен Вашингтон Германияға америкалық орта қашықтыққа ұшатын зымырандар орналастыру жоспары барын жария етті.

Тараптар зымырандар ядролық болмайды деп хабарлады. Кремль бұған дейін мұндай зымырандардың Филиппинде орнатылуы мүмкін екенін сынға алған. Орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандар – 500-ден 5500 шақырымға дейін жететін баллистикалық және қанатты зымырандар, оларды жерден басқарады.

Abai.kz

0 пікір