Кремльдің түпкі ойы – КСРО-ны тірілту: Вассерманның былшылы...
Ресейде Анатолий Вассерман деген «білгішсымақ» бар. Украинаның Одессасының тумасы. Бірақ, Ресей билігіне адал берілген «құлақ кесті құлдардың бірі.
Журналист, саяси кеңесші, «ақылдылар ойындарына» қатысушы т.б. 2015 жылы Ресей азаматтығын сұрап алған. Қазір 72-дегі бұл Вассерман Ресей Думасының депутаты. ЕО бастаған 8 ел бұған жеке санкция салған. Не үшін десеңіз: 2022 жылы Украинаның Донецкі мен Луганскісін «жеке мемлекет» деп мойындаңыз деп Путинге осы қайрылған. Кейін Украинаға соғыс ашуды қолдап: «Бұл Ресей тарихында «төрт күндік соғыс» болып жазылады», - деп сөйлеген. Кейін: «Соғыс аяқталған соң Украинаның тәуелсіздігін мүлдем жою керек», - деп көкіген.
Сол Вассерман шал бүйдейді: «КСРО-ның қандай да бір қалыпта қайта тірілуі қашып құтылмайтын шындық. Біз мұны 2025 жылы орындауымыз мүмкін. Олай болмаған жағдайда тағы бірнеше жыл күте тұруға туралы келеді.
Неге қашып құтылмас шындық? Өйткені империялар ерте ме, кеш пе ыдырайтыны белгілі. Бұл бір-бірінен өте алыс қашықтықта орналасқан аймақтарды қосып, бір орталықтан бағындырылған отарлық империяларға тән қасиет.
Бірақ ғасырлар бойы іргелес өмір сүрген және ғасырлар бойы өзара тиімді әрекеттестік форматтарын іздеген халықтардан құрылған континенттік империялар да бар.
Континенттік империялар қандай да бір себептермен ыдыраса да, тез қалпына келеді. Ең қарапайым мысал: қазіргі Еуропалық Одақ.
Ресей - континенттік империяның классикалық үлгісі. Ол өз тарихында бірнеше рет құлап, үнемі қалпына келіп отырды. Бұл Ресейде тұратын халықтардың өзара тиімді әрекеттестік нысандарын дербес таңдағандықтан болды. Сондықтан, бұл жолы да қайта күш аламыз. КСРО-ның қайта жаңғыруы 2025 жылдан басталуы мүмкін», - дейді.
Бұл Ресейдегі алжуға бет алған кезекті бір кәрі шалдың өлер алдындағы келмеске кеткен КСРО-ны армандап жатып айтқан бос былшылы ғана емес. Бұл Ресейдегі саяси ортаның түпкі ойы, арман-мұраты. Керек десеңіз, бұл Кремльдің позициясы.
«Орыстан көршің болса, айбалтаң қасыңда болсын», - деген қазақтың ежелгі сөзі бүгін де өзектілігін жоғалпай тұр!
Нұргелді Әбдіғаниұлы
Abai.kz