Тәңірлік дүниетаным - төл тарихымыздың бөлігі!
"Тәңірлік дүниетаным тағылымы" атты пән философиялық зерттеу нысанасы ретінде сұранып тұр.
Неге десеңіз, адамның тұлғалық болмысы қандай дүниетаным формасын ұстануына тікелей байланысты.
Әлемдік әдебиетте "америкалық үндістер еуропалықтарға қалай алданғаны, алтынын қолдан бергені, сенгіш әрі аңғал болғаны" айтылады. Оның ақыры олар үшін үлкен трагедиямен аяқталды...
Олар Тәңірлік дүниетанымда болған еді...
Енді, оларды "аңғал" деп айыптауға бола ма?
Жоқ, себебі, адамға деген шүбәсіз сенім, одан жамандық күтпеу - адами қасиеттің бүгінде жойылып бара жатқан асыл қасиеті болып табылады...
Біздің қазақ елі де осы қалыптағы халық болды...
Ендеше, біз арғы аталардың осындай дүниетанымына құрметпен қарай отырып, олардың жан дүниесін, яғни, дүниетанымын зерттеп, оны өзіміздің халыққа ғана тән ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗ ретінде көрсете алуымыз керек.
Қазіргі қазақ сауатты. Аңғал емес. Көп нәрсенің байыбына бара алады.
Бірақ, көнеден келе жатқан асыл қасиеттер де жойылып кетпеуі тиіс.
Ендеше, осы мәселені терең зерттеу қажет.
Әрине, бұның қазіргі қазақтың діни сеніміне еш әсер етпеуі заңды - дінің өзіңде дейміз...
Ал, бірақ, Аттила заманында бабаларды Төрге шығарған тәңірлік дүниетаным неге өзінен көп кейін пайда болған, тіптен, олардың пайда болуына тікелей өзі ықпал еткен бүгінгі дндердің спекулятивтік идеологиясының құрбаны болуы тиіс?
Ол дұрыс емес.
Осы бағытта жұмыс жасау керек боп тұр...
Әбдірашит Бәкірұлының желідегі жазбасы
Abai.kz