Путиннің «Еуразия арманының» күйреуі
Украина дағдарысының түпкі себебі – экономикалық билік үшін күрес және Путиннің «Еуразиялық одақ» туралы арманының жойылуы.
Көптеген адамдар Украина дағдарысын: Украинадағы ресейшіл үкіметтің ыдырауына әкеліп соқтырған «майдан төңкерісін», 2014 жылғы Қырым оқиғасы мен 2022 жылы басталған Ресей-Украина соғысын НАТО-ның шығысқа қарай үздіксіз кеңеюінен туындады деп санайды.
Десе де бұл пайым дұрыс па?
Қырым оқиғасынан төрт жыл бұрын 2010 жылдың ақпанында Украинаға жаңа президент болып тонау мен зорлық-зомбылық қылмыстарын жасаған және түрмеде отырып шыққан Виктор Янукович сайланды.
Баршамызға белгілі, ол кезде Ресей мен Батыстың қарым-қатынасы жақсы болған, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында Ресей Грузияға басып кірген кезде де АҚШ билігі үнсіз қалған.
Ресейшіл Янукович билікке келгеннен кейін Украинаны НАТО-дан алшақтауға итермелей бастады. 2010 жылдың шілдесінде Янукович «Ішкі және сыртқы саясат принциптері туралы» заң жобасын Украина парламентіне көпшілік дауыспен қабылдатты. Бейтараптық туралы заңның қабылдануын украин халқының көпшілігі, оның ішінде еуропаға бүйрегі бұратындар да қолдады. Украина өз экономикасын дамыту үшін ЕО-ны пайдаланғысы келгенімен, Ресей наразы болады деп қауіптенгендіктен, Украина парламенті 2010 жылы Бейтараптық актісін қабылдады. Олар Украина бейтарап ел болып, НАТО-ға кіруге ұмтылмаса, Путин ренжи қоймас деп ойлады.
2013 жылы Украина әскерге шақыру жүйесін алып тастап, оның бейтарап мәртебесін одан әрі қамтамасыз етті, бұл Путин мен Ресейге жағыну ұшін жасалған шара еді.
Алайда, 2014 жылдың қаңтарында Янукович Мәскеуде Путинге барып, қайтып оралған соң, Путиннен маңызды міндеттеме алғандай, Украина мен Еуроодақ арасында қол қойылған еркін сауда келісімінен бас тартты.
Януковичтің Ресейге сапары Еуроодақпен еркін сауда туралы келісімді жақтаған украин халқының төрт жылдық күш-жігерін зая кетіріп, ашу-ызасын тудырды. 2014 жылдың ақпанында украиндықтар сатқын президентке наразылықтарын білдіріп, президент Януковичті қызметінен босату туралы талап қойды. Янукович Мәскеуге қашты.
Одан кейін 2014 жылдың наурыз айында Ресей Қырымдағы орыстарды желіктіріп бүлік шығарды, содан кейін «бейбітшілікті сақтаймыз» деген желеумен Қырымды басып алуға әскер жіберді, содан кейін аймақты Ресейге қосу үшін «референдум» өткізді.
Украина неліктен НАТО-ны таңдады? анығында, Украинаны Батыстың құшағына итермелеген Путиннің сәт сайын тізе батыруы еді.
Янукович Еуроодақпен еркін сауда келісімінен бас тартқанға дейін Украина тек экономикасын дамытқысы келді, Конституцияға бейтараптығын жазып, тіпті міндетті әскери қызметті алып тастады.
Ақырында, Ресей Қырымға басып кіргеннен кейін Украина бейтараптығынан толықтай бас тартып, Батыстан қорғау іздей бастады.
2014 жылдың сәуірінде Путин Донбас аймағындағы ресейшіл күштерді қарулы көтеріліске шақырды, ал Украина үкіметінің күштері көтерілісті басу үшін дереу Донбасқа кірді. Соғыс бірте-бірте Донбас көтерілісшілеріне қарсы бағыттала бастағанда, сахнаның артында тұрған Путин Украина үкіметін іс жүзінде бақыланатын аудандарға үлкен автономия беруге мәжбүрлеу үшін күш қолданамын деп қорқытты. Донбас аймағы Ресейдің Украинаға болашақ басып кіруі үшін тұрақты плацдармға айналды.
Қырымның «Ресейге референдумы» әсер еткендей, Украинаның шығысында сепаратистік үрдіс күшейіп, Донецк және Луганск провинциялары бірінен соң бірі тәуелсіздік жариялады, ал Украинаның шығысындағы үкімет күштері мен азаматтық ұйымдар кескілескен шайқастарды жалғастырды.
Украина мәселесінің шиеленісуінің жалғасуы аясында Ресей, Украина, Германия және Франция басшылары 2015 жылы 12 ақпанда екі тарап арасында атысты тоқтатуға қол жеткізуді мақсат еткен Жаңа Минск келісіміне қол қойды.
Алайда, келісім Ресей Украинаға басып кіргенге дейін сөз жүзінде қалды.
2016 жылдың 1 қаңтарында Украина мен Еуроодақ арасында қол қойылған еркін сауда келісімі ресми түрде күшіне енді. Келісімге сәйкес, Еуроодақ Украина импортына салынатын тарифтерді кезең-кезеңімен алып тастайды.
Содан бері Порошенко да, Зеленский де ЕО мен НАТО-ға қосылудың қалыптасқан саясатын ұстанды.
Путин тұсында Ресейдің әскери кірісі үш есеге жуық өсті. Ресейдің жан басына шаққандағы ЖІӨ де Путин билікке алғаш келген кездегі 2000 АҚШ долларынан 2013 жылы 16000 АҚШ долларына дейін өсті, бұл 13 жылда жеті есе өсті.
Путин Ресейдің тек екі одақтасы бар екенін бірнеше рет ашық айтты: армия мен флот. Ол тек әскери күштерді күшейту арқылы ғана Ресей шын мәнінде күшті бола алады және еуразиялық интеграция туралы арманын қолдайды деп есептеді. Еуразиялық интеграция - Путиннің арманы, бұл оның үшінші президенттік науқанындағы сөйлеген сөзінің де басты тақырыбы болды. Путин посткеңестік кеңістікте еуразиялық интеграцияға қол жеткізу Ресей үшін сирек кездесетін тарихи мүмкіндік және маңызды мақсат екенін айтты.
Еуразиялық интеграцияның мәні Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін пайда болған 15 мемлекетті саяси, экономикалық және әскери одақ ретінде қайта қалыптастыру және Еуропа мен Азияның екі құрлығын қамтитын қуатты ұйым құру болып табылады.
ЕО Украинаны шығысқа қарай кеңеюдің маңызды нысанасы ретінде қарастырып, Украинаның 50 миллионға жуық нарығына және арзан жұмыс күшіне көз алартады.
Украина кеңес шекпенінен шыққан ескі әріптестерімен Еуразиялық одақ құрғысы келмейді, керісінше, ЕО-ға еруді қалайды, сондықтан Украинаның таңдауы Украина дағдарысының негізгі себебі, Ресей мен ЕО арасындағы қақтығыс – Шығыс Еуропадағы экономикалық үстемдік үшін күрес болып табылады.
Алайда Путиннің жоспары өзгеріссіз қалды. 2014 жылдың 29 мамырында Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге ресми түрде қол қойды.
Қырымға басып кірер алдында Путин әлі де Украинаны райынан қайтарамын деп үміттенген, алайда Путинді одан бетер таң қалдырғаны – Украинаның тек экономикалық тұрғыдан Батысқа бет бұрып қана қоймай, тіпті НАТО-ға кіруге ұмтылуы, оның төзімін тауысты.
Қазіргі күні Ресей-Украина соғысында Қырымды қайтарып алмаса, Украина ең көп зардап шегетін тарап болады.
Украина Еуропалық Одақ пен НАТО-ға қосылуға ұмтылуда - бұл екі ұйымға кірудің маңызды шарттарының бірі шкеаралық даудың болмауы - Украина армиясының бүкіл аумақты қайтаруы немесе Қырым мен Шығыс Украинаның тәуелсіздігін мойындауы керек.
Ең ықтимал нәтиже - Украина өз талаптарының ешқайсысына қол жеткізе алмайды және бүкіл аумағын қалпына келтіре де алмайды және НАТО-ға да кіре алмайды. Путин үшін Қырымнан айырылмаса, тіпті Ресей соғыста жеңілсе де, оның қылшығы қисаймайды.
Abai.kz