Дүйсенбі, 13 Қаңтар 2025
Экономика 136 0 пікір 13 Қаңтар, 2025 сағат 13:41

Биыл инфляция баяулай ма?

Сурет: stat.gov.kz

Ұлттық банк сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижелерін жариялады. Бұл туралы «EGEMEN FINANCE» телеграм арнасы жазды.

Сауалнаманың негізгі параметрі:

* Brent маркалы мұнай бағасы;

* Қазақстан экономикасының өсімі;

* Инфляция;

* Базалық мөлшерлеме;

* Тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты;

* Теңге бағамы.

Медианалық күтулерге сәйкес 2025 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне – 75 доллар.

2026 жылға болжам – 74,0 доллар;

2027 жылға болжам – 75,0 доллар.

«2025 және 2026 жылдарға арналған экономикалық өсу болжамдары өзгеріссіз қалып, тиісінше 4,7% және 4,5%-ды құрайды. 2027 жылы сарапшылардың күтуі бойынша экономикалық өсу қарқыны 4,5% деңгейінде сақталады», делінеді мәлімдемеде.

Ал инфляцияға қатысты болжам мынадай:

* 2025 жылға – 6,9%-дан 7,5%-ға дейін;

* 2026 жылға – 6,0%-дан 6,5%-ға дейін;

* 2027 жылы инфляция 5,6% деңгейінде бағаланады.

«Инфляцияға қатысты бағалаулардың өзгеруіне сәйкес, базалық мөлшерлеме бойынша күтулер де қайта қаралды. 2025 жылға арналған болжамдардың медианалық мәндері 12,5%-тен 14,7%-ке дейін, 2026 жылға – 10,3%-дан 11,8%-ға дейін түзетілді. 2027 жылға базалық мөлшерлеме 10,5% деңгейінде болжанады», дейді ҰБ.

Abai.kz

 

0 пікір