Сәрсенбі, 15 Қаңтар 2025
Әне, көрдің бе? 125 1 пікір 15 Қаңтар, 2025 сағат 14:57

Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды!

Сурет: korea.net

Оңтүстік Кореядағы тергеушілер президент Юн Сок Ёлды тұтқындады.

Полиция бірнеше сағатқа созылған жанжалдан кейін, биліктен қуылған президент Юнды сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросына жеткізе алды.

Осыдан 12 күн бұрын Оңтүстік Корея полициясы президент Юнды тұтқындай алмаған еді.

Юн бұған дейін қысқаша бейне мәлімдеме жариялаған. Онда ол әлі де қамауға алуды заңсыз деп санайтынын, бірақ қантөгіске жол бермеу үшін полицияға берілетінін айтқан.

Желтоқсан айының басында Оңтүстік Корея президентінің елде әскери жағдай енгізу әрекеті сәтсіз аяқталды, содан кейін парламент оны көтеріліске әрекет жасады деп айыптап, импичмент жариялады.

Юн 14 желтоқсаннан бастап президенттік өкілеттіктерін тоқтатты, бірақ оны қызметінен босату үшін импичмент Конституциялық сотпен мақұлдануы керек. Сот шешім қабылдағанға дейін Юн Сок Ёл ресми түрде президент болып қала береді.

Abai.kz

1 пікір