Сенбі, 18 Қаңтар 2025
Дін 205 0 пікір 17 Қаңтар, 2025 сағат 14:45

ҚМДБ: Кибербуллинг пен қорлау - күнә іс!

Сурет: muftyat.kz сайтынан алынды.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы (ҚМДБ) кибербуллинг пен қорлаудың кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынатынын мәлімдеп, арнайы пәтуа шығарды.

ҚМДБ хабарламасында әлеуметтік желіде немесе ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, балағаттау, қорлау, тіпті кибербуллингке қатысып, «лайк» басу сияқты әрекеттер күнә іс ретінде бағаланатыны айтылған.

«Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады. Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс.Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту және т.б. кибербуллингтің түрлеріне тыйым салынады», – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Abai.kz

0 пікір