Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2411 1 пікір 22 Қаңтар, 2025 сағат 18:11

Adebiportal.kz жаңа аудиокітаптармен толықты

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен алынды.

Кітап шығару саласындағы соңғы тенденциялар мен оқырман сұранысын ескере отырып, adebiportal.kz отандық әдеби порталы авторлардың аудиокітап форматындағы жаңа шығармаларымен толығуда.

Порталдың жаңалығы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» аудиокітабы. Кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың өмір жолына арналған.

Автор әкесінің өмірі мен шығармашылығы туралы жеке естеліктерімен бөлісіп, Кемел Тоқаевтың қиындыққа толы балалық шағы, оның майдандағы жастық кезі мен соғыстан кейінгі шығармашылық жолы туралы әңгімелейді. Автор анасы – Тұрар Шабарбаеваға арнайы бөлім арнаған. Анасы жазушының өмірлік адал серігі, отбасының ұйытқысы болғанын айтады. Өзінің ата-анасына және жақындарына деген сүйіспеншілік сезімін терең жеткізеді.

Президенттің отбасы құндылықтары, борыш пен жауапкершілік, аға ұрпақтың мұрасы туралы ой-толғаулары кітапта айқын көрініс тапқан. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл туындыда баяндаған шынайы толғаныстары жас ұрпақ тәрбиесі үшін мәні терең, маңызы зор.

Кемел Тоқаев ХХ ғасырдағы отандық әдебиетте жарқын із қалдырды. Шығармалары қаламдастары, сыншылар мен оқырман тарапынан жоғары бағаланып, Қазақстан мен Кеңес Одағында бестселлерге айналды.

Президенттің аудиокітабы Kitap.kz, Topiq.kz, Kazneb.kz қосымшаларында да қолжетімді болады.

Жақын уақытта Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында adebiportal.kz порталында қазақстандық майдангер-жазушылардың аудиокітаптары орналастырылады: Бауыржан Момышұлы «Артымызда Москва, Тахауи Ахтанов «Қаһарлы күндер», Әбдіжәміл Нұрпейісов «Күткен күн», Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз», Кемел Тоқаев «Солдат алысқа кетті», Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» және т.б.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 440
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1655
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 411
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 389