Жұма, 24 Қаңтар 2025
Әне, көрдің бе? 218 5 пікір 24 Қаңтар, 2025 сағат 15:29

Америкалықтардың неге демократиядан көңілі қалды?

Сурет: golosameriki.com сайтынан алынды.

Өткен жылы қараша айының алғашқы сейсенбісіндегі АҚШ президент сайлауында жаһандық жылынуды желеу ітіп ұлттық энергия көздерін пайдаланудан бас тартқан, «адамдық құқық», «сөз бостандығы» деп мллиондаған елге заңсыз кірген шетелдіктерді қабылдаған, ЛГБТ сияқты сатанистік ұйымдарды қаржыландыруға трлиондаған ақша бөлген демократтар партиясы ойсырай жеңіліп, республикашыл Трамп жеңіске жетті.

Трамптың қайта оралуын АҚШ пен Еуропаның солшыл басылымдары, Ресей, Қытайдың жалданбалы жазғыштары «заман ақыр» келгендей етіп сипаттады. Трамптың жеңісін «әлемнің бірінші бай адамы» делінетін Илон Масктың қолдауымен байланыстыратындар да жетіп артылады.

Қаңтардың 20-күні ың-жыңсыз өткен Трамптың ант беру мүрәсімі – ел тарихындағы 47-ші президенттің Ақ үйге жайдан-жай келмегенін, америка жұртының шынайы таңдауы екенін көрсетті. Трамп ант беру мүрәсімі өте сала, Ақ үйге бармастан 20 мың адам сиятын спорт кешеніндегі қара құрым халықтың алдында берген уәделерін орындап, оңтүстік шекарада төтенше жағдай жариялайтын, құдай жаратқан екі жынысты ғана танитын, демократтар енгізген «DEI» (ағылшынша саналуандық, теңдік, кең пейілділік сөздерінің қысқартылғаны) кадр таңдау жүйесінің күшін жоятын, тағы басқа жарлықтарға қол қойды. Тарихи актілерге қол қойған қаламдарын көпке лақтырды, халыққа қайтарды. Мұның бәрі тегін емес екені анық.

Францияның 19-ғасырдағы ұлы ойшылы Алексис Де Токвилыдың «Мен американың құдіреттілігін білім ордаларынан, қор биржаларыныан, заң орғандарынан емес, шіркеулерінен таптым» деген әйгілі сөзі бар. Бүгінгі күні АҚШ қоғамын жайлап алған солшылдық идеяның ықпалынан америкалықтардың католик діні негізіндегі дәстүрлі құндылықтары қүйреуге бет алған, оған алаңдаған АҚШ жұртының таңдауы консерватив «Американы қайта құдіреттендіру» ұранын көтерген Трампқа түскен.

Алдынғы президент сайлауында Байденді қолдаған миллиадер Илон Масктың бұл жолғы сайлауда Трампты қолдап, майданын өзгертуіне де елдегі солшылдық науқан себеп болған. Атап айтқанда Илон Масктың үлкен ұлы Ксавьенің 18 ге толғанда әкесінің қарсылығына қарамай жынысын өзгерткені, онымен қоймай әкесімен ат кекілін кесіскені Илон Маскты есеңгіретіп тастаған. Маск ойлана келе мәселенің қайнарын солшылдық идеяны, әсіре демократияны дәріптейтін әлеуметтік желілерден тапқан. Оның твиттерді қымбат бағаға сатып алып, Трамптың аккаунтын бұғаттан босатып, американың дәстүрлі ұстанымын дәріптейтіндерге ақпарат алаңын ұсынуының астарында да сол жатыр екен.

Илон Иаск отбасының мұралдық трагедиясы мысалынан бөлек, бүкіл Американы дүр сілкіндірген көптеген оқиғалар орын алған. Трансгерлердің қыздарына жасаған зәбіріне наразылық танытқан ата-аналардың арыздары қаралудың орнына, өздері сотшылар жағынан «ішкі террорист» деп айыпталған. Өткен жылғы «Бойнг» ұшағының апатқа ұшырау себептеріне тексеру жүргізілгенде алып компанияның техникалық бөлімдерін кәсіби мамандар емес, «көгілдірлер» басқарып отырғаны анықталған.

Адам жаратылысын өзгертуге алып келген мұндай шектен шыққан демократяның әлемге, шығыс елдерінің қоғамына да еркіндік символындай тереңдеп енгені бар. Тайландтың трансгерлердің жын ойнағынына айланғанын айтпағанда, «Азия жолбарысы» саналатын Оңтүстік Кореяда кеңінен қанат жаңған. Тіпті батыс елдерін артта қалдырған. Кореяда соңғы кезде «4B» (төрт жоқ: төсек қатынасынан, кездесуден, тұрмыс құрудан, бала табудан бас тартатын ) әйелдер қозғалысы кең етек алған. Әйелдер теңдігін дәріптейтін шығармаларымен Былтырғы Нобел әдебиет сыйлығын иеленген жазушы Хангаңның да бұған әсерінің болғаны сөзсіз. Әйелдердің шексіз еркіндігінің әсерінен туу көрсеткіші тарихта болмаған деңгейге құлдырап, дүние жүзінің ең төменгі шегіне жеткен.

Депутат Еділ Жаңбыршин де парламент отырысында «Трамп көкеден сәлем» деп, Қазақстанда ЛГБТ ға заңмен шектеу қоятын мезгіл жеткенін жеткізді. Қадай десек те бүкіл дүние жүзі санасатын алып елдің екі көшбасшысы (бірі саяси, енді бірі ғылыми) дәстүрлі құндылықтарға қайту күресін бастады. Бізге де батысқа қарап емес, қызыл идеологияның кесірінен жоғалтқан дәстүрлі отбасылық, тілдік, далалық рухани құндылықтарымызды түгендейтін күн туды.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

5 пікір