Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4380 0 пікір 28 Қыркүйек, 2009 сағат 11:09

Мұндай метроң бар болсын...

Әлемдегі ең қымбат һәм ең қысқа Алматы метрополитенінің «әләуләйі» аяқталар емес. Жиырма жылдан астам уақыттан бері жүрісінен ұрысы, жолынен соры көп метро құрылысы тағы бір бәлеге душар болды...

Жаңа ғана ақпарат агенттіктері хабарлағандай, бүгін яғни 28 қыркүйек күні жергілікті 12 сағат 13 минутта Алматы метрополитенінің Абай даңғылы мен Манас көшесі маңындағы бөлігі опырылып түскен көрінеді. Осы ақпаратты ҚазТАГ агенттігіне Алматы қаласы бойынша ТЖД бастығының орынбасары полковник Юрий Ильин растап беріпті.

Ильин мырзаның айтуынша, «Тұлпар» станциясында орта тоннельді қазу кезінде 640 т. м. топырақ опырылып түскен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр». Ол апаттың салдарын жоюмен метро құрылысының арнайы бөлімшелері айналысып жатқанын жеткізді.

Бақылаушылардың сөзіне сенсек, негізінен «топырақтың ішкі қабаты опырылып түскенге ұқсайды. Жер бетінде мұның белгілері байқалмайды-мыс».

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 983
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2516
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 687
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 658