Әскери сот кісі өлтіру бойынша қылмыстық істі қарауда
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ҚК 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа берілген Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралуда.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық процеске қатысушы тұлға жәбірленуші деп сот қаулысының негізінде танылады.
Егер тұлғаны жәбірленуші деп тануға негіздердің жоқтығы анықталса, қылмыстық процесті жүргізетін орган өзінің қаулысымен аталған тұлғаның көрсетілген мәртебесінде қатысуын тоқтатуға міндетті.
Сот анықтағандай, электронды қылмыстық іс материалдарында К.-ны жәбірленуші деп тану туралы қаулы жоқ.
К., қайтыс болған баланың анасымен некеде тұрмаған,
Баланың анасының айтуынша, баланы күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлемеген, материалдық көмек көрсетпеген.
К.-ның қаза болған әскери қызметшінің әкесі екенін растайтын құжаттар жоқ.
Сонымен қатар сот қайтыс болған әскери қызметшінің әкесі ретінде басқа адамның тіркелгенін анықтады.
Осыған байланысты сот талқылауы барысында прокурор соттан К.-ны жәбірленушілер тізімінен шығаруды сұрады.
Сондықтан К.-ның жәбірленуші және азаматтық талап қоюшы ретінде қатысуы тоқтатылды.
Бұл ретте К.-ның ашық режимде өтіп жатқан сот отырысына қатысуын жалғастыруға құқығы бар.
Abai.kz