Оңтүстік Корей президентіне ресми түрде айып тағылды
Оңтүстік Корея президентіне ресми түрде айып тағылды. Прокуратура биліктен шеттетілген президент Юн Сок Ёльге «бүлікті басқарды» деген айып тақты.
Yonhap жазуынша, Юн елдің бұрынғы қорғаныс министрі және басқа да лауазымды тұлғалармен бірігіп, 2024 жылдың 3 желтоқсанында құқыққа қайшы, заңсыз әскери жағдай енгізуге тырысқаны үшін сотқа тартылды. Олар бұл ойын қандай да бір соғыс, қарулы қақтығыс немесе ұлттық дағдарыс белгілері болмағанына қарамастан іске асырғаны айтылған.
Бұдан басқа Юн Сок Ёль парламентте әскери жағдайды жоюға қарсы дауыс беру процесін бұзу үшін әскер жіберді, оппозиция жетекшілерін және сайлау комиссиясы өкілдерін тұтқындауға әрекеттенді деп айыпталып отыр.
Abai.kz