Өзбектің Ұлттық намысы һәм Оскарға үміткер «Анора»
Өзбектердің ұлттық намысына тиген «Анора» фильмі Оскарға номинант немесе «Қазақтың басына түскен кеп Өзбекке де түсті!
Өзбекстандық кинематографистер мойындамаған «Анора» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылған. Бірақ оны өзбекстандықтар көре алмайды: фильмді отандық кинотеатрларда және басқа ресурстарда көрсетуге тыйым салынған. Сонымен қатар, сарапшылар атап өткендей, онда «халықтың абыройын қорлайтын ештеңе жоқ».
АҚШ кинематографиялық өнер академиясы «Оскар» сыйлығына үміткерлердің тізімін жариялады. Олардың арасында - өзбек тамыры бар стриптизер қыз туралы «Анора» фильмі бар.
Шон Бейкер «Үздік фильм», «Үздік режиссерлік жұмыс» (Шон Бейкер), «Үздік актриса» (Майки Мэдисон) және «Қосалқы рөлдегі үздік актер» (Юрий Борисов) атты төрт атаққа үміткер.
Бас жүлдеге үміткерлердің арасында «Бруталист», «Толық белгісіздік», «Конклав», «Дюна: Екінші бөлім», «Қарсыластар», «Эмилия Перес», «5 қыркүйек», «Субстанция», «Wicked: Сиқыршы», «Синг-Синг», «Никельден шыққан балалар», «Жанға батқан дерт» туындылары бар.
Жеңімпаздар жасырын дауыс беру арқылы анықталады. Жеңімпаздардың кім екендігі 3 наурызда жарияланады. Өзбекстанда басты еуропалық кинофестивальде жеңіске жеткен фильмнің төңірегінде бір ай кешіктіріліп жанжал туындады.
Америкалық режиссер Шон Бейкердің «Анора» фильмі мамыр айының соңында Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алды. Ресейлік актерлер көп түсірілген картина Бруклинде тұратын Ресей олигархының ұлы мен стриптизші-жезөкшенің қарым-қатынасы туралы баяндайды.
Фестиваль аяқталғаннан кейін бір ай өткен соң Өзбекстанда «Анораның» басты кейіпкерінің ұлты өзбек екеніне қатысты дау шықты.
Сонымен, бір айдан кейін Өзбекстанның кинематография агенттігінде «Анораның» жеңісіне жауап қайтару туралы шешім қабылданды. Өйткені фильм соншалықты шу тудырды. Ұйым өзбек қызының бейнесін бұлайша сомдау - елде болып жатқан өзгерістерге «қызғанышпен» байланысты екенін, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жұмысы болып табылатынын мәлімдеді: «Фильм Өзбекстанды білетін және оған көңіл бөлетін адамдарды таң қалдырды. Себебі фильмде биші және жезөкше рөлін атқарған азиялық келбетті қыздың интерпретациясындағы өзбек қыздың сомдалуы орыс тілі арқылы өзбектердің бетіне түкіру», - делінген хабарламада.
«Бәлкім, Өзбекстанның даңқты шығармашылығы, қуатты реформалары, үшінші ренессанстың іргетасын қалауға деген талпынысы салдарынан бұл кинематографистер қызғаныш немесе ыза сезіммен осы қадамға барған шығар», - дейді.
«Және мұндай тәсілдің артында Өзбекстанға дос емес түрлі халықаралық ұйымдар мен ықпалды тұлғалар тұр деп болжауға болады», - дейді Өзбекстан.
«Ол өзбек қыздарының фашизммен күрестегі ерлігін дәріптейді және қысқа мерзім ішінде бірнеше халықаралық марапатқа ие болды. Біз өзбек халқының ар-намысына нұқсан келтіруге жол бермейміз... Өзбекстан әйелдері мен қыздары - өз елі, халқы, отбасы мен балалары үшін өз өмірлерін құрбан ететін жандар. Олардың таза есімін әр түрлі бейтарап тұжырымдамалар мен тәсілдермен жамандауға болмайды», - деп жазады Өзбекстанның ресми тұлғалары.
«Барбра Стрейзанд Эффектісі»
Жанжал кезінде жекелеген комментаторлар осы жағдайда да қолданылатын «Барбра Стрейзанд эффектісі» туралы еске алды. Әңгіме белгілі бір ақпаратты көпшілікке қолжетімділіктен алып тастау әрекеттері оны кеңінен таратуға ғана алып келетіндіктен көрінетін әлеуметтік құбылыс туралы болып отыр.
Рас, бұл жерде оны «Борат эффектісі» деп атайды, бұл жергілікті жұртшылыққа анағұрлым түсінікті. Естеріңізге сала кетейік, Біздің Қазақстан мен қазақтарды мүлдем лайықсыз кейіпте масқара еткен 2006 жылғы әйгілі америкалық «Борат» фильмі республикамыздың өзінде ғана емес, бүкіл посткеңестік кеңістікте сын толқынын тудырды. Мысалы, оны Ресейде, Беларусьте, Украинада және басқа да бірқатар елдерде прокатқа беруге тыйым салынды. Кейінірек, «Борат» ресейлік телеарналарда көрсетіле бастағанда, еліміз тарапынан трансляция кезінде «техникалық себептерге байланысты» белгісі көрсетілімді үзіп тастай бастады.
Фильмде қазақ шындығына жақын ештеңе де жоқ еді. Ол аз десеңіз, «Бораттың» өсіп келе жатқан танымалдылығы, елде ойлағандай, «озық және дамып келе жатқан» Қазақстанның имиджіне кері әсерін тигізуі мүмкін деп бағаланды. Еліміздің сыртқы істер министрлігі Саша Барон Коэнді (бас кейіпкер Борат Сағдиевтің рөлін ойнаған ағылшын актері) сотқа берумен қорқытты.
Бірақ кейінірек жергілікті билік кері әсері болғанын білгеннен кейін ашуын мейірімділікке ауыстырды да, Қазақстанды бүкіл әлем тани бастады.
2012 жылы республикалық СІМ басшысы Ержан Қазыханов картина шыққаннан бері Қазақстанға турлар саны күрт өскенін мәлімдеді: «Бұл фильм шыққаннан кейін Қазақстан беретін визалар саны 10 есе өсті. Бұл біз үшін үлкен жеңіс және мен «Боратқа» Қазақстанға туристер тартуға көмектескені үшін ризамын», - дегені әлі есімізде.
«Анораға» қатысты да біздегіге ұқсас нәрсе болып жатыр. «IMDb» сайтында - кинематография туралы әлемдегі ең ірі дерекқор - фильм 7,5 баға алды, бұл өте жақсы көрсеткіш болып саналады. «Rotten Tomatoes» шолулар агрегаторының сайтында сыншылардың 41 шолуының 98% оң, орташа баға 8,7/10 құрайды. Бұл премьерадан бір ай өткеннен кейін ғана.
«Анора» төңірегіндегі дүрлікпе күннен күнге артып келеді, бірақ фильмнің өзін әлі ешкім көрген жоқ. Бұл тақырып әлеуметтік желілерде кеңінен талқылануда. Пікірлер екіге бөлінді. Көбі фильмде көрсетілген проблемалардың болуын, бірақ оларды үндемей, бәрі де жақсы болып көрінуді жанашырлық деп санайды.
«Біздің агенттіктің фильмді тек ұлттық белгісі бойынша бағалайтынына ұяламын», - деп жазады желі пайдаланушыларының бірі. «Өзбекстанда бұл мүмкін емес сияқты. Жезөкшелердің, еркектердің, екінші әйелдердің жоқтығына ұқсайды, күрделі тағдырлар, сынған өмірлер болмағандай, ешкім де жақсы үлес үшін елден кетпейтіндей, мұндай сюжет мүлдем мүмкін емес сияқты... Бұл басын құмға тығу әрекеті сияқты. Керісінше, қоғамның проблемалары туралы айтып, ол туралы кино түсіріңіз, ал егер өзіңіз түсірмесеңіз, ең болмағанда басқаларға кедергі жасамаңыз және бүкіл әлем алдында өзіңіздің кеңестік ұстанымыңызбен ұятқа қалмаңыз», - дейді өзбек азаматтарының кейбірі.
Бірақ кинематография агенттігінің хабарламасында айтылғандармен үндес басқа да пікірлер бар.
«Шынайы өнер аллегориялармен, белгісіздіктермен, силуеттермен айтады. Нақты оқиғалардың көмегімен репортаждар, деректі фильмдер және басқалар сөйлейді. Тағы бір өнер - жасырын сәттерді анықтау, адамдарды ментальды түрде қолжетімді ету. «Анора» сериясындағы шора қыз өз мәдениетінен ашық түрде бас тартып, өз ұлтының құндылықтар жүйесіне салып, туысы жоқ адамға айналғанда, оған барлық еуропалық ордендер мен медальдар беріледі. Басқаларға үлгі болады. Сіз дұрыс айтасыз, әлеуметтік проблемалар көп, бірақ олар фильмдермен шешілмейді, проблемаларды сапалы басқару арқылы шешу керек. Мұндай фильмдер қоғамды бүлдіреді», - дейді пікіршілердің кейбірі.
«Анора» фильмі төңірегіндегі қызу пікірталастың өзі өзбек қоғамының қазіргі жағдайының айқын көрсеткіші, оның маркерлері болып табылады. Ол Өзбекстан көз алдымызда өзгеріп бара жатқанын, адамдар бұрын оят болған ең күрделі және көрнекі мәселелерді талқылауға дайын екенін көрсетеді.
Жеңімпаз фильм салтанатты «жаңа Өзбекстан» әлемінің көрінісіне мүлдем сәйкес келмейді, мораль мен адамгершіліктің жалпыға бірдей қабылданған қағидаттарына толық қайшы келеді, әдетте көпшілік алдында айтылмайтын кемшіліктер туралы баяндайды. Олар жоқ дегенді білдірмейді, бірақ осының бәрін сыртқа шығару - ұят және әдепсіз һәм «уят бўлади».
Еуропалықтар біздің ұлттық ерекшелігізді елемейтіні тек бұл емес. Шекспирдегі әйелін өлтірген – зәңгі Отелло немесе Рабизон Крузоны Жұмаға үйреткен бірінші сөз – «қожайын». Тарихтан бұндай мысалды мыңдап келтіруге болады. Біз Анора мен Бораттар елі емеспіз. Шығыс – шығыс, Батыс – батыс болып қала бермек.
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz